Мейрамбек Беспаев пен Қайрат Нұртас бірге ән шырқады (видео)

Мейрамбек Беспаев пен Қайрат Нұртас бірге ән шырқады (видео)
Фото: baistars.kz

Қазақстандық танымал әншілер Мейрамбек Беспаев пен Қайрат Нұртас бірге әннің үзіндісін орындап, тыңдармандарын бір қуантты. Жаңа әнді қалың жұртшылық асыға күтуде.

Қос әншінің дуэт болып сахнаға шығатыны туралы қазан айынан бері айтылып келеді. Әзірге жаңа туындының атауы да, тыңдарманға нақты қашан ұсынылатыны да белгісіз. Ал біріге орындаған ән үзіндісін қос әнші кеше «instagram» желісіндегі парақшаларына жүктеді.

Ө. Сансызбай