Әлемге танымал 5 рэпер

Әлемге танымал 5 рэпер
Фото: AutoFate

Рэп – бүгінгі таңда зор сұранысқа ие болып отырған шығармашылықтың бір түрі. Жанр ретінде қалыптасып үлгерген, өзіндік танымдылығы бар музыканың бөлшегі. Тіпті өзінің иелері де қалыптасып үлгерді. Сіздерге әлемдегі ең үздік бестікке кірген рэперлерді ұсынып отырмыз. Біле жүріңіз. 

Ice Cube 
Әлемдегі ең беделді рэпердің бірі. Ең алғаш өнер жолын N.W.A. группасынан бастаған. Тұңғыш альбомы «AmeriKKKa’s Most Wanted» деп аталады. Альбом шыққан күннен бастап зор сұранысқа ие болды. Іce Cube жеткен биігінен ешқашан түскен емес. 

Snoop Dogg 
Бұл рэперді білмейтін адам жоқ. Себебі рэп жанрын өзінше жетік меңгеріп, әлемдік сахнаға орынын қалыптастырып үлгерген. Дегенмен Snoop Dogg бұл өнердің жолына өзі емес, досының қалауымен келген. Ол – Dr.Dre.

Jay-Z 
Жоқшылықтан баршылыққа өз күшімен жеткен, рэп сахнасында қайталанбас стилімен жұртты тамсандырып жүрген рэпер. Бүгінде табысы жарты миллиард долларға жуық. 

Eminem 
Бүгінгі таңда «рэп әлемінің патшасы» деген де атауы бар. Әрбір түсірген клиптері мен жарыққа шығарған рэптері бүкіл әлемге тез таралады. Қарапайым ғана рэп емес, әрбір сөзіне мән беретін рэпердің негізгі тақырыбы  қоғамдық қақтығыстар мен өмірлік жанжалдар.

2Pac 
Eminem – рэп әлемінің патшасы деп жүрген болсаңыз, қателесесіз. Әлемдік рейтингте үздік біріншілікті бермей тұрған 2Pac 25 жыл ғана өмір сүрген. Өзі жоқ болса да, рэп жанрындағы альбомдары әлі күнге дейін сатылымда бар. Көзі тірі кезінде 75 миллион дана альбомы сатылып үлгерген.

М. Ақан