Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Ғашықтар жыры" - ғашық жандардың бойтұмар әні

"Ғашықтар жыры" - ғашық жандардың бойтұмар әні

Талай ғашықты махаббат бесігіне бөлеп, әсем әуенімен тербеген «Ғашықтар жыры» белгілі әншілер Мақпал Жүнісова мен Сембек Жұмағалиевтің бойтұмар әніне айналған. Бұл әнді ақын Шөмішбай Сариев пен сазгер Кеңес Дүйсекеев бірлесіп жазылған.

Қос өнер иесінің ұлы одағынан туған ән осыдан отыз жыл бұрын жарыққа шықты. Әйгілі «Гүлдер» ансамблінің сол кездегі директоры Қабиден Тұяқаев Кеңес Дүйсекеевті шақырып алып: «Кеңес, қос дауыста айтатын дуэт ән жазшы,» - деп қолқа салады. Бұл сөзден кейін сазгер «Ғашықтар жыры» әнін жазады. Кейін Шөмішбай Сариев сөз жазып береді. Ән сазгерді өзіне ғашық еткен аяулы жары Баянға арналған.

Сембек Жұмағалиев

1983-1984 жылдары "Гүлдер" ансамблінде әнші Сембек Жұмағалиев жұмыс істейді. Бір күні оған Кеңес Дүйсекеев жолығып: «Менің әндерімді бар әнші орындап жүр. Сен менің әндерімді қашан орындайсың?» - деп, «Ғашықтар жыры» әнін Нағима Есқалиевамен бірге айтуды ұсынады. Сембек  «Қасың қандай, қарақат көзің қандай» деп басталатын ән мәтінін қарап: «Нағимамен айтсам, сөздерін «Бойың қандай» деп өзгертуге тура келеді,» - деп әзілдейді. Сол сәтте ол сазгерге ансамбльге жаңадан келген жас әнші Мақпал Жүнісова туралы айтады. Осылай қос дауыста «Ғашықтар жыры» әні жазылады.

Мақпал Жүнісова

Ән жарыққа шыққан бойда елге кеңінен таралып, бірден танымал әнге айналады. «Ғашықтар жыры» әні талай тыңдарманның жүрегінің төрінен орын ала білді. Тіпті, бәзбіреулер әншілерді «ғашық етіп, үйлендіріп» жіберген. Біраз уақытқа дейін бұл сөздер халық арасында өршіп жүрді. Қалай болғанда да, ән бұл күнге дейін тыңдарман пейілін жоғалтқан жоқ.

«Ғашықтар жыры»

Сөзін жазған: Шөмішбай Сариев

Әнін жазған: Кеңес Дүйсекеев

Қасың қандай, қарақат көзің қандай,
Күлкің қандай, шарапат сезім қандай!
Қуанатын балаша кезің қандай,
Өзің қандай, жаныма сөзің балдай.

Қайырмасы:

Көңілге жыр тұнады сен дегенде,
Жүрекке сыр тұнады сен дегенде.
Кеудеме бір ғажайып шаттық орнап,
Өмір де құлпырады сен дегенде.

Таңың қандай, жұлдызды бағың қандай,
Арың қандай, жібектей жаның қандай.
Өзің қандай, шуаққа малынғандай,
Сезім қандай, тәңір де табынғандай!

Қайырмасы:

Көңілге жыр тұнады сен дегенде,
Жүрекке сыр тұнады сен дегенде.
Кеудеме бір ғажайып шаттық орнап,
Өмір де құлпырады сен дегенде.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: altaynews.kz, kazakzaman.kz, vk.com

8268 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 19 қыркүйек 2012, 09:41
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...