Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Мұсаходжаева Алматыда симфониялық оркестрдің жаңа маусымын ашты

Мұсаходжаева Алматыда симфониялық оркестрдің жаңа маусымын ашты

Мұсаходжаева Алматыда симфониялық оркестрдің жаңа маусымын ашты

Скрипкашы, Қазақстанның халық әртісі және бірнеше мемлекеттік сыйдың лауреты Айман Мұсаходжаева кеше Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің жаңа маусымын ашты. Ұжымның жетекшісі Ваг Папян. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Жаңа маусымда классикалық музыка табынушылары Вебердің "Эврианта" увертюрасын, Франктың ре минорлық симфониясын тыңдай алады. Қазақ мемлекеттік филармониясының әкімшісі Лев Мейзеровичтің айтуынша, үстіміздегі  қыркүйек айының 10-ында Алматыда үрмелі аспаптар оркестрінің, 14-і күні Тілендиев атындағы фольклорлық оркестрдің маусымдары басталып кетті. Ол, сонымен қатар, қыркүйектің 19-ы күні мемлекеттік хор капелласы жұмысын бастайтындығын айтып өтті.

"Бүгін бізге Айман Мұсаходжаевадай кәсіби скрипкашыны сүймелдеу бақыты бұйырды. Бұл өнерпаз аса үлкен жарнаманы қажет етпейтін тұлға. Оның бүгінгі таңдаған бағдарламасы өте күрделі. Көптен бері орындалмаған симфониялық туындылар бар. Мәселен, Вебердің увертюрасының бұл қабырға аясында орындалмағанына кем дегенде 15 жыл болды", - деп түсіндірді Мейзерович.

ва

Айман Мұсаходжаева

Жақында Швейцариядан оралған Мұсаходжаеваның айтуынша, жаңа маусымның ашылуы дирижерлер мен орындаушылар үшін ғана емес, тыңдармандар үшін де үлкен қуаныш. Ол, сонымен қатар, қала тұрғындарының симфониялық музыканы тереңірек түсіне бастағандығын айтып, қуанышын білдірді.

"Брамстың концертін жақсы дайындықсыз орындап шығу өте қиын. Маған бұл туындыны Варшавада, Берлинде орындау бағы бұйырды. Алдағы уақытта Бангкокта және басқа қалаларда да орындауды жоспарлаудамын. Бүгін, міне, сүйікті Алматымда орындалғалы жатыр. Тыңдармандардың да талғамы, түсінігі артқан. Стильді, образды түсінетін халық алдында өнер көрсету бір ғанибет", - деді Айман Мұсаходжаева.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ©Данияр Бозов

3903 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 18 қыркүйек 2012, 09:33
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сын түзелмей мін түзелмейді
Сын түзелмей мін түзелмейді

Сын қабылдай аласыз ба?

Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау

Биік шыңдарды бағындыру үшін келеміз

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...