Боб Дилан: “Жұмақ есігін қағып тұрғандаймын”

Боб Дилан: “Жұмақ есігін қағып тұрғандаймын”
Фото: vk.com

Ерекше поэтикалық тілімен қоса, өзіндік философияға қанық  әндері үшін биыл әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы Боб Диланға берілгені баршаға мәлім. Ерекше жағдай. Күрделі шешім. Америкалық автор-орындаушы, ақын, суретші, киноактер Боб Диланның әлем әдебиетіндегі үлесіне күмән келтіретіндер де бар. Ал, әлемдік музыканы тыңдауға әуес, әсіресе, рок бағытын жаны сүйетіндер бұл пікірге қарсы болары анық. Өйткені, жарты ғасыр бойы барша белгілі рок топтардың ең танымал әндерін осы Боб Дилан жазып келеді. 

Жалпы, рок музыкаға берілген адамдардың жүрегі оған адал келеді. Олардың қара түсті киімдері мен бруталды келбетінен шошынатын жұртшылық, шын мәнісінде, рокерлердің жүрек қылдарындағы елеусіз сезімдерді ұғынуға қауқарлы нәзік жанды келетінін біле бермейді.

Осы мэйнстримді ұстанатын жандар үшін «Blowin' in the Wind» және «The Times They Are a-Changin'» сияқты туындыларың орны ерекше. Rolling Stone журналының жүргізген сауалнамасының нәтижелеріне сай The Beatles-дан кейінгі рок–музыка тарихындағы ең маңызды тұлғаның терең пәлсапалық "Жұмақ есігін қағып тұрғандаймын" ("Knockin’ on Heaven’s door ") әнін тыңдап көріңіз, оқырман. Айтқандай, бұл өлең атақты "Gun’n’Roses" аталатын рок-группаның визитті картасы.

А. Оралқызы