Жүректегі арманмен шыңдарға шығу жолында

Жүректегі арманмен шыңдарға шығу жолында
Фото: vk.com

Бүгін, 19 қазан күні, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ЖаStar шығармашыл жастар халықаралық фестивалінің арнайы концерті болды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры лауреаттарының концерті Президент оркестрінің солисі Ардақ Балажанова мен “Самрұқ” би тобы Алматы шаһарының 1000 жылдығына арналған сазды сәлемімен басталды.

Дарынды жастардың басын қосқан саз салтанаты Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Александр Беляков жетекшілігіндегі эстрадалық-симфониялық оркестр сүйемелдеуімен өтті.

Ерекше талантымен танылып, қордың гранттары мен шәкіртақыларын иемденген лауреаттар қатарынан табылған жастар саны көп болды.

“Астана Опера” мемлекеттік опера және балет театрының солистері: Жұпар Ғабдуллина, Мейір Байнешов, Татьяна Вицинская, Салтанат Ахметова, Гаухар Тасбергенова, Жандос Әубәкіров, Әйгерім Бекетаева.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солистері: Андрей Трегубенко, Анастасия Кожухарова, Олег Татамиров, Наталья Мезина.

Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы солистері: Еркебұлан Сапарбаев, Ермек Құманаев.

Жоғарыда аталған дарын иелерінен өзге де қазақ өнерінің болашақ шоқ жұлдыздары театрға лық толған жоғары талғамды қауымға классикалық өнер сиқырынан ғана алуға болатын айрықша ләззат сыйлады.

А. Оралқызы