Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Сазгер мен ақынның ұлы одағы

Сазгер мен ақынның ұлы одағы

Сазгер мен ақынның ұлы одағы

Ақын мен сазгер тығыз шығармашылық байланыс орнатқанда ғана ел құлағында мәңгілік жатталып қалады. Ел жадындағы бірталай әнді дүниеге әкелген халық ақыны Шөмішбай Сариев пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Кеңес Дүйсекеев. Ақынның астарлы мәтіні мен сазгердің әуезді үні иісі қазақтың шабытын оятып, ерекше әсер қалдыратыны сөзсіз.

Сазгер Кеңес Дүйсекеев

Ақын мен сазгер шығармашылық байланысы өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында орнаған еді. Қазақстан Композиторлар одағында жас ақын-сазгерлермен кездесу кеші өтеді. Сол кештің ертесі күні сазгер ақынды арнайы іздеп барып, әндеріне сөз жазуын өтініп сұрайды. Осылай ақын мен сазгер тіл табысып, «Еркеледің сен» атты алғашқы әнді дүниеге әкеледі.

Бірде Кеңес Дүйсекеевтің денсаулығы сыр беріп, ол ауруханаға түсіп қалады. Науқастанған сазгер досының халін білу мақсатымен Шөмішбай Сариев ауруханаға келеді. Өзімен бірге өлеңдерін әкеліп, тастап кетеді. Бойындағы дертке қарамастан, сазгер шығармашылық ізденісін тоқтатпай, ақын Сариевтің өлеңдеріне ән шығарады. «Сәлем саған, туған ел» және «Домбыра туралы баллада» әндері осылай дүниеге келген келген. Сазгер бір сұхбатында: «Бұл екі әнді мен «қазақ эстрадасындағы жаңалығым» деп айта аламын» деген еді. «Домбыра туралы баллада» әні қазақ күйлерінің әуенін қолдана отырып, эстрадалық бағытта, ал «Сәлем саған, туған ел» әні халық термесінің мақамымен жазылған.  

Қос өнер иесін Қазақ елі атынан Ереванға бүкілодақтық жас ақындар мен сазгерлер байқауына қатысуға жібереді. Байқаудың төрайымы Александра Пахмутова екі әнді тыңдап: «Екі жігіт те жоғары деңгейлі, кәсіби шебер мамандар. Сол себептен шығармашылық талқылауға жатпайды» деген екен. Төрайым сөзінен кейін, ақын мен сазгер өнеріне жоғары баға беріледі.

Бірде сазгер қарағандылық тыңдарманнан хат алады. Жеті баланы асырап алған көп балалы ана сазгердің «Асыл ана» әнін естіп, Семей өлкесінде тұратын анасын еске алып, қолына қалам алып, хат жаз бастайды. Хат 3-4 шумақ өлеңмен жазылған. Әр жерден көзден тамған жас іздерін көрген сазгер қатты әсерленіп, ән шығарады. Кейін ақынға көрсетіп, әннің шығу тарихымен таныстырады. Осылай «Анаға хат» әні дүниеге келген.

Ақын Шөмішбай Сариев

Ақын мен сазгер бірлесе отырып, «Қарағым-ай», «Ғашықтар жыры», «Асыл ана», «Өмір, өмір», «Өкінбе сен», «Ойлан, балам» т.с.с әндерді дүниеге әкелген. Әрбір ән қос өнер иесінің жүрегінен шығып, өнерсүйер қауым жүрегінің төрінен орын таба білді.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: writers.kz, alashainasy.kz, armen-reporter.blogspot.com

3420 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 12 қыркүйек 2012, 10:23
Пікірлер
+0
12 қыркүйек 2012, 11:06

мамама хат жазғым кеп кетті ғой :(

+0
12 қыркүйек 2012, 11:14

смс жазайын деп отырмын

+0
12 қыркүйек 2012, 11:17

Братан ғой ;)

+0
12 қыркүйек 2012, 13:06

Кімді братан қылып алдыңыз? :roll:

+0
12 қыркүйек 2012, 16:21

тегіме қара, тегіме))

+0
12 қыркүйек 2012, 16:42

Ееее, солай деңіз ақын бауыры)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...