Тоқтар мен Бейбіт егіздерінің тұсауын кесті

Тоқтар мен Бейбіт егіздерінің тұсауын кесті
Фото: kerekinfo.kz

Қазақ эстрадасындағы жұлдызды жұптың бірі  Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева 1 жасқа толған егіздердің туған күнін тойлап, тұсаукесер рәсімін жасады.

Былтырғы жылы дәл осы уақытта шаңырақтарында үлкен қуаныш болып, отбасы Алинұр, Сағинұр атты егізбен толыққан жұлдызды топтың ендігі бұл қуанышымен бөлісуге Ерғали Әбдірайымов, Мейрамбек Беспаев, Айгүл Иманбаева, Сәкен Майғазиев, Райым Уайыс, Асылбек Боранбай сынды өнер жұлдыздары келді. 

Ал атқашабарларының тұсауын кесуді Тоқтар Қазақстанның бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы мен өзінің досы, кәсіпкер Бақтияр мырзаға табыстады.

Естіріңізге сала кетейік, 2007 жылы отбасын құрған Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның Беколжас есімді үлкен ұлы бар. 

Н. Үсенова