Санжар Мәдиев түскен "Қорғаушылар" фильмінен үзінді

Санжар Мәдиев түскен "Қорғаушылар" фильмінен үзінді
Фото: вк

Желіде қазақстандық актер Санжар Мәдиев түскен ресейлік "Қорғаушылар" фильмінің үзіндісі пайда болды. Фильмнің фрагментінде суперқаһарман Ханның шайқасы көрсетіледі. Оның рөлін Санжар Мадиев ойнайды.

Хан комикскейіпкер Флэш Гордон секілді жылдам қозғалып, екі қайқы қылышымен қара костюм киген адамдарға қарсы шығады. Қара киімділер жол талғамайтын көліктерімен келіп, пулеметтен ата бастайды. 

"Қорғаушылар" фильмі − "Кек алушылар" және "Икс адамдар" картиналарының ресейлік аналогы. Фильм адамға тән емес қасиеті бар адамдардың жасағы жайлы баяндайды. Олар жынданып кеткен ғалым Август Куратовпен шайқасады. Картина 2017 жылдың ақпан айында жарыққа шығады.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін