Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Алматыға қытай скрипкашысы Менгла Хуанг қонақ болады

Алматыға қытай скрипкашысы Менгла Хуанг қонақ болады

Алматыға қытай скрипкашысы Менгла Хуанг қонақ болады

Алматыда өтетін "Оркестрлер парады" музыкалық фестивалінде қытайлық скрипкашы Менгла Хуанг пен әлемдік хит Luna-ның орындаушысы итальяндық тенор Алессандро Сафина өнер көрсететін болады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі шараның ұйымдастырушысы Eventica компаниясына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Классикалық музыка кештері қыркүйектің 6-8 күндері Республика сарайының алдындағы алаңда өтпек. Жиынға шет ел қонақтарынан бөлек Құрманғазы атындағы "Отырар сазы" Қазақ академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі, Құрманғазы атындағы академиялық ұлттық аспаптар оркестрі, Жамбыл атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр, MEZZO вокалдық тобы, Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі қатысады. Көрермендер, сонымен қатар, опералық әнші Сүндет Байғожин, дирижер Денис Марьев, әнші Ирина Левина мен Сон Паскальдің өнерін тамашалай алады.

Айта кетелік, "Оркестрлер парады" фестивалі осымен үшінші рет өткізілейін деп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы шара бұрынғылардан өзгеше болады. "Алдыңғы жылдары фестивальді қалалық әкімшілік жалғыз ұйымдастырып келді. Бірақ осы жылы ұйымдастыру жұмыстарына біз де тартылдық. Осы орайда біз шараға басқаша рең беріп, жастардың классикалық музыкаға қызығушылығын оятуды мақсат етіп отырмыз", - деді фестиваль ұйымдастырушысы Марат Омаров.

2012 жылғы  "Оркестрлер парадының" тағы бір ерекшелігі билеттердің сатылатындығы. Кешті ыңғайланып отырып көргісі келген кез келген жан 1000 теңгеге билет сатып алып, дайындалатын арнайы орындарға отырып тамашалай алады. Концертті тұрып тамашалағысы келген тыңдармандардан ешқандай төлем талап етілмейді. Марат Омаров бұл туралы: "Осы қадам арқылы біз арнайы қор ашып, жиылған қаржыны сонда жинауды мақсат тұтамыз. Көрермендерден түскен ақша келесі жылдардағы шығынға жұмсалатын болады", - деп сұхбат берді.

Қытайлық скрипкашы Менгла Хуанг

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: gdefon.ru


1831 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 10 тамыз 2012, 14:00
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...