Оқи отырыңыз

Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Сон Паскаль қазақ тіліне арнап жаңа ән жазды

Сон Паскаль қазақ тіліне арнап жаңа ән жазды

Сон Паскаль қазақ тіліне арнап жаңа ән жазды

Британдық әнші Сон Паскаль қазақ тіліне арнап ән жазып шықты. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Tengrinews-ке сілтеме жасай отырып хабарлады.

Жаңа туынды You should speak қазақша ("Сенің қазақша сөйлеуің керек") деп аталады. Ән қазақша және ағылшын тілдерінде алма-кезек айтылады. Паскальдің продюсері Жомарт Сүлейменовтың айтуынша, композиция патриоттық-идеологиялық бағытта жазылған екен. Туындының алматылық рэпер Gallardo-мен бірігіп жазылғандығын да айта кетелік.

Музыкант жаңа әнге бейнеклип те түсіріп үлгеріпті. Түсіру жұмыстары Алматыда өтті және екі күнге созылды. Клиптегі басты рөлді әнші Luina сомдаған екен. Ал Паскальдің өзіне автобус кондукторы рөлі бұйырыпты. Жомарт Сүлейменов өз кезегінде автобус жүргізушісі ретінде түссе, көрермен Gallardo-ны такси жүргізушісі образында көре алады. Түсірілім үшін арнайы 1978 жылғы ВАЗ-2101 автокөлігі пайдаланғандығын да айта кетелік. Бейнебаянның премьерасы 15 тамызға жопарланып отыр. 

Сүлейменовтың айтуынша Сон Қазақстанда өткізген алты ай ішінде үздіксіз қазақ тілін үйренумен айналысып келген. Тіпті көпшілік ортада қазақша сөйлеп, жауап қатуға тырысады екен. Айта кетелік, Сон Паскаль бұдан бұрын жұртшылыққа "Көзімнің қарасы", "Englishman in Shymkent" әндерімен танылды.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: voxpopuli.kz


4335 1
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 10 тамыз 2012, 12:50
Пікірлер
+0
10 тамыз 2012, 12:55

Хехе )) Қолдаймын! Englishman in Shymkent жарайсың :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз тұратын Еуразия сыры
Біз тұратын Еуразия сыры

оқып көріңіз бәлкім білмейтін шығарсыз

"ДенсаулықKZ" арнасы

Елімізге десаулық жайлы арна керек пе?

Автор: Ұлжан Лайық
Аспанға қараңызшы...
Аспанға қараңызшы...

Мен аспанға қарап отырмын. Сіз де қараңызшы...


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...