2015 жылы халықаралық аренада өнер көрсеткен қазақстандық әртістер

2015 жылы халықаралық аренада өнер көрсеткен қазақстандық әртістер
Фото: tengrinews

2015 жыл халықаралық аренада өнер көрсеткен қазақстандық әртістер үшін жемісті болды. Ол – "Славян базарындағы" жеңіс пен "Жаңа толқын" байқауындағы жүлделі орын. Сонымен қатар жас орындаушылар танымал ТВ-шоуларындағы табыстарымен қуантты. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық шоу-бизнес әртістерінің 2015 жылы көрсеткен тамаша өнері мен жеңісінің топтамасын жасады.

13 жылда тұңғыш рет әнші Ademi "Жас толқын-2015" халықаралық байқауында Қазақстанға екінші орын алып келді. Сонымен қатар әнші қыз көп дауыс жинап, көрермендер көзайымы сыйлығын иеленді. Бұған дейін жүлделі орынға бірнеше өнерпазымыз сәл жетпей қалған болатын, Rin’Go тобы (4-орын), Қайрат Түнтеков (4-орын) және The Jigits тобы (4-орын). Айта кетейік, байқаудың үшінші күнінде әнші Ademi "Последняя весна" композициясын орындап, оны Батырхан Шүкенов рухына арнады.

Димаш Құдайбергенов "Славян базары-2015" XXIV Халықаралық байқауында Қазақстанның намысын қорғап, жеңімпаз атанды.

Данэлия Төлешова "Балалар Жаңа толқыны-2015" байқауында көрермендер көзайымы сыйлығын иеленді. 

Луиза Нұрқуатова "Балалар Славян Базары-2015" байқауында жеңіске жетті. 

Өткен аптада, 19 желтоқсан күні Turkvizyon-2015 байқауы өтіп, оған қатысқан қазақстандық "Орда" тобы екінші орын алды. Ұжым "Олай емес" композициясын орындап, 185 балл жинады.

Jigboys тобы "Главная сцена" шоуына қатысып, жеңімпаз атанбаса да, қазылар алқасының есінде керемет харизмамен жақсы сақталды. "Если б я был Султан" әнін орындауда ерекше өнер көрсетті.

Қарағандылық биші Владислав Ким бірқатар іріктеуден өтіп, ТНТ телеарнасындағы "Танцы" жобасының финалына дейін жетті. Алдын ала іріктеулерден кейін Владислав белгілі биші әрі продюсер Мигельдің тобына қосылды. Оның әрбір нөмері көрерменнің жадында ерекшелігімен сақталды.

Одан бөлек Биназир Ермағамбетованың өнер көрсетуі есте қалды. Ол Ресейдің "Голос" шоуына қатысып, үшінші кезеңге дейін жетті. Қазақстандық өнерпаздың тәлімгері рэпер Баста болды. Биназир бала кезден ән айтып, домбыра мен гитарада ойнаған. Букетов атындағы ҚарМУ-ды "Құқықтану" мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. Медициналық компанияда қызмет етеді. Сонымен қатар қыз бірнеше жылдан бері өзінің жеке видеоблогын жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда оның YouTube видеохостингіндегі арнасына 20 мыңнан аса адам тіркелген, ал көрілімдерінің жалпы саны екі моллионға дейін жетеді.

Әнші Луина 2015 жылы түріктің өнер сахнасына шығуға шешім қабылдады. Ол Түркияның атақты Rising Star Turkey шоуында сәтті өнер көрсетті. Әнші қыз әділ қазылар алқасы мен көрермендердің жүрегін жаулап, жартылай финалға дейін жетті. Луинаға тікелей эфирде белсенді түрде дауыс бергендер көп болды.

35 жастағы Берік Ысқақ ҚХР Синьцзян-Ұйғыр автономдық ауданында өткен The Voice China ("Голос") шоуында қазылар алқасын өнерімен тамсандырды. 

Астаналық жас орындаушы Айжан Сұлтанова Украинаның "Х-Фактор" шоуында алтыншы маусымға барды. Әнші қыз көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, Қазақстаннан өзге де жерлерде танылды.

Killa Kolya деген лақап атпен өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Николай Черников Тбилисиде брейк-данстан өткен Red Bull BC One 2015 турнирінде жеңімпаз атанды. Кейін ол 14 қарашада Италияда өткен әлемдік жарыста Қазақстан намысын қорғады.

С. Ерсін