Таразда әнші Мөлдір Әуелбекованың тойы өтті

Таразда әнші Мөлдір Әуелбекованың тойы өтті
Фото: ikaz.kz, © instagram.com

Тараздағы мейрамханалардың бірінде 12 желтоқсан күні кешке қазақстандық әнші әрі актриса Мөлдір Әуелбекова мен Арыстанның үйлену тойы өтті. Тойға қатысқандар суреттерін Instagram желісіне жариялады.

Тойда қалыңдық пен күйеу жігіттің туыстары мен достарынан бөлек қазақстандық әртістер болды - Мейрамбек Бесбаев, "Жігіттер" тобы, Нұрлан Албан, Жанар Айжанова және тағы да басқалар. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекованың ұзатылғаны хабарланған еді. Әншінің ұзату тойы 4 желтоқсан күні өтті. Мөлдір Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы тыңдармандарынан сүйінші сұрады.

Мөлдір Әуелбекова - SuperStar KZ байқауына қатысқан. Ол КешYou тобының құрамында өнер көрсетіп, танымалдыққа ие болды. Фильмдерде басты рөльді сомдап, 2012 жылы КешYou тобынан кетіп, жеке әнші болды. 2014 жылы КешYou тобына қайта оралып, бірнеше айдан кейін топтан қайта кетті.

Қ. Бүйенбай