Атақты скрипкашы Руджеро Риччи көз жұмды

Атақты скрипкашы Руджеро Риччи көз жұмды

АҚШ-та 94 жасқа келген шағында америкалық виртуоз-скрипкашы Руджеро Риччи өмірден өтті. Кеше ғана көз жұмған музыканттың өліміне жүрек ауруы себепші болған.

Риччидің танымалдылығына Никколо Паганинидің шығармашылығындағы жазбалар көп көмек берген. Тіпті бұл ұлы муызкантты «ХХ ғасыр Паганиі» деп те атаған. 1947 жылы Риччи Паганиидің шығармаларын орындаған алғашқы скрипкашы болған. Ол оның 24 шығармасын жандандырып, әр берген.

Атақты музыкант 1918 жылы Калифорнияда итальян отбасында дүниге келген. Скрипкада ойнауды 6 жасынан бастаған Риччи алғашқы концертін 1928 жылы Сан-Франциско қаласында берген. Ол кезде атақты музыкант небәрі он жаста болатын.

1932 жылдан бастап Европаға гастрольдік сапарлармен аттана бастаған.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ әскерінің қатарында болған ол жауынгерлердің рухын көтеру мақсатында оларды қуаттандырып түрлі музыкаларды ойнап берген.

Әлемде аса танымалдылыққа ие болған Риччи дүниежүзінің 65 елінде алты мыңнан астам концерт беріп үлгерген. Сонымен қатар дарында скрипкашы Риччи Нью-Йорктегі атақты Джульярд музыка мектебінде дәріс берген. Мичиган штатындағы және басқа да өңірлердегі атақты оқу орындарында сабақ жүргізген.

Өмірінің ақырғы күніне шейін қолынан бір сәт те скрипкасын тастамаған ол жас дарындарға дәріс беруін де тоқтатпаған.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: lenta.ru

А. Әбілхан