Балаларына ерекше есім қойған отандық жұлдыздар

Балаларына ерекше есім қойған отандық жұлдыздар
Фото: Instagram

Отандық эстрада жұлдыздары, дизайнерлер және жүргізушілер кәсіби тұрғыда ғана емес, отбасылық өмірде де ерекшеленіп жүреді. Мұның бір себебі ретінде әртістердің балаларына сирек кездесетін, таптырмас есімдер қоятынын атауға болады. Сонымен, танымал жұлдыздар өздерінің балаларына қандай есім қоятынын көрейік.

Актер Рахман Омар мен Ақмарал Дайрабаева

рахман омар

Рахман Омар актриса Ақмарал Дайрабаевамен екінші рет отау құрған. Қазір екеуінің қызы мен ұлы бар. Әртістің өмірінде қызының есімі жайында біраз тылсым жайт орын алған көрінеді. Жұбайы Ақмарал аяғы ауыр болып жүргенде түсіне аян беріп, сәбиінің есімін Ғажайып деп атуын айтқан екен.

Дизайнер Салтанат Баймұхамедова

салт

Белгілі дизайнер ұлының аты – Атилла, қызының есімі Жульетт.

“Мен үшін ең бастысы – адамгершілік. Балаларыма жақсы үлгі болғым келеді. Еркіндікті сүйемін және балаларымның да еркін болғанын қалаймын”, – дейді сәнгер Салтанат.

Әнші Карина Абдуллина

карина абдуллина

Әнші өмірге келген ұлына Альберт деген есім берген. Карина Абдуллина мен оның жолдасы Монако ханзадасы Альбертпен танысқаннан кейін ұлдарына осы есімді беруді ұйғарған.

Тележүргізуші Қазбек Қасым

казбек касым
Қазбек Қасым қызының есімін Эсманұр деп қойған. Танымал тележүргізуші мұның сыры тереңде жатқанын айтады.

“Эсманұр есімінің түбірі араб және түрік тегінде жатыр. Араб тілінен аударғанда биік сәуле дегенді білдіреді. Ал түрікше баламасы – есімдердің үздігі. Менің әпкелерімнің аты Әсем және Марал, ал жұбайым – Айнұр. Қызымның есімі осы жақындарымның есімдерінен құралған”, — дейді тележұлдыз.

Дәуіт Шайхисламов және Дана Орманбаева

даут с женой

Әзілкеш Дәуіт Шайхисламов қызын Шарлиз атап, ұлына Дилан деген есім берген.

“Балалар әрдайым бала болып қала бермейді ғой. Сол үшін балаларыма еш ұрыспаймын. Балаларымыз – Дәуіт екеуіміздің ең жақын достарымыз”, — дейді әртістің жұбайы Дана Орманбаева.

Әнші Бақыт Шадаева

шадаева

Әртіс қыздарының есімі – Урсула және Алиша. Шадаеваның екінші қызы кешкі намаз уақытында туылған екен.

“Қызымның есімін әжесі, яғни, енем қойды. Алтайлықтардың тілінен аударғанда “таудан аққан мөлдір су” дегенді білдіреді. Ресейдің Алтай өңіріндегі өзен де осылай аталады. Қызымның ата-әжесі де сонда тұрады. Ал Алиша есімі араб тілінен алынған. Бір нұсқасы бойынша “бірегей, қайталанбас” дегенді білдірсе, енді бір нұсқасында “кешкі намаз кезіндегі ізгі тілек” дегенді білдіреді”,  дейді әнші.

Мұрат Мұтырғанов

мутурганчик

Елімізге белгілі цирк өнерпазы Мұрат Мұтырғанов та тұңғыш ұлын әйгілі музыкант Майкл Джексонның құрметіне Майкл деп атаған.

“Орда” тобының әншісі Ерболат Беделхан

ерболат орда

Менің ойымша, балаларға дәстүрлі есімдер қою маңызды. Себебі, адамның аты – оның дүние есігін ашқан кездегі алғашқы төл меншігі ғой. Қызымның аты – Мейірлен. Мейірімді дегенді білдіреді.

Актриса Линда Нығматулина

линда нигматулина

Актриса Линда Нығматулинаның ұлының аты – Әлрами. Бұл есімді әртістің жұбайы қойған екен. Линданың айтуынша, бұл араб есімі “нысананы дөп көздеуші” дегенді білдіреді. Ал актрисаның өз есімін әкесі Талғат Нығматулин Брюс Лидің әйелінің құрметіне қойған екен.

Дереккөз: NUR.KZ

С. Ерсін