Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Қарағым-ай" - әкенің қызына арнаған әні

"Қарағым-ай" - әкенің қызына арнаған әні

Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, «Дарын» сыйлығының иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші-актер Нұрлан Өнербаевтың орындауындағы «Қарағым-ай» әнін естіген тыңдарманның көңілі босап қоя беретіні айдан анық. Ән жарыққа шыққанда бәзбіреулер бұл ән әнші басына түскен ауыр қайғыдан, орны толмас өкініштен, жауапсыз махаббаттан туған деген еді. Алайда, әннің дүниеге келуі әнші тағдырымен еш байланыспайды. Ән әуенін сазгер, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеев, ал мәтінін халық ақыны Шөмішбай Сариев жазған.

Сазгер Кеңес Дүйсекеев

Кеңес Дүйсекеев көп балалы отбасында тәрбиеленген. Бес жасында әкесі өмірден өтеді. Ұл балалардың ішінде жалғыз өскен Күлшат әпкесі ұстаз болу мақсатымен педагогикалық жоғары оқу орнында оқыған. Өкінішке орай, он тоғыз жасқа қараған шағында ол кенеттен қайтыс болады. Артынан о дүниеге әкесі атанады. Кейін Кеңес Дүйсекеев ер жетіп, өнерге қанат қаққан тұста ол жауқазын ғұмыры орта жолда қиылған әпкесінің рухына тағзым жасау ниетімен ән шығаруға бел буады. Ән ұзатылып бара жатқан қызға арналған ән болуы тиіс деген ой келеді. «Егер де әкем мен әпкем тірі болғанда, әпкем өз серігін тауып, өз босағасынан ұзатылып бара жатқанда, әкем ақ батасын беріп, қызына осы әнді айтар еді» деген ойда болады. Бұл әкесінің қызына арналған әні болады. Осылай «Қарағым-ай» әні дүниеге келеді. Әуеннен кейін, ән мәтіні жазылады.

Ақын Шөмішбай Сариев

«Қарағым-ай» әнін алғаш болып елге Нұрлан Өнербаев танытқан еді. Кейін әсем әнді өз ән қоржынына бірқатар әншілер қосты. Қазіргі таңда, әнді нақышына келтіріп, әнші Ақылбек Жеменей орындап жүр.

Қарағым-ай

Сөзін жазған: Шөмішбай Сариев
Әнін жазған: Кеңес Дүйсекеев

Қарағым-ай
Сұлулық осындай болады екен,
Бір басқа армансыз қонады екен.
Адамдар өмірге қонақ екен,
Шынымен бұл дүние шолақ екен.

Қарағым-ай
Еліктер осылай жосады екен,
Жолыңнан сені кім тосады екен.
Бұл көңіл неліктен босады екен,
Бұл тағдыр сені кімге қосады екен.

Қарағым-ай
Қиылып үзіліп қарадың-ай,
Қарағым, қандай сұлу жанарың-ай.

Қарағым-ай
Бұл өмір осылай өтеді екен,
Сүймесең дүние бекер екен.
Парақтап жинасаң бар ғұмырың,
Бір сүйген күніңе ай жете ме екен.

Қарағым ай
Қиылып үзіліп қарадың ай
Қарағым, қандай сұлу жанарың-ай.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: vk.com. yvi.kz, alashainasy.kz

5029 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 02 тамыз 2012, 11:00
Пікірлер
+0
02 тамыз 2012, 15:21

Маған Нұрлан ағаның орындауында қатты ұнайды, жылағым келеді.... жанды тербететін әндердің бірегейі...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...