Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Шәмшінің "Дүнген қызы" әнінің шығу тарихы

Шәмшінің "Дүнген қызы" әнінің шығу тарихы

Шәмшінің

Көзі тірісінде-ақ ел қошеметіне бөленіп, қазақ сазының падишасына айналған Шәмші Қалдаяқов мәңгілік өлмейтін талай әндерін қалдырып кетті. Соның бірі – «Дүнген қызы». Бұл әнді Шәмші белгілі ақын Сабырхан Асановпен бірлесе отырып шығарған екен.

Бірде Шәмші өзімен бірге Сабырхан Асановты ертіп Жамбыл өңірін аралауға кетеді. Бірге жүрген сапарда екеуі «Отырардағы той», «Теріскей», «Сағынышым менің», «Фосфорлы Жамбыл», «Әсемсің әніңдей» сияқты әндерді жазады. Бірі сазын, бірі мәтінін шығарып жүрген күндердің бірінде «Дүнген қызы» әні дүниеге әкеледі. Әуелі бұл әннің сазы кейін мәтіні келген екен. Жамбыл өңірінде Дүнген ауылы бар. Кезінде Шәмші сол ауылда тұрып, дүнген халқымен сіз-бізі жарасқан деседі. Сол ауылдың тұрғыны дүнген қызын Шәмші өз сазына қосқан. Сазгердің сезімін сүйіспеншілікке толтырып, тәнті етіп, әсем әнге арқау болған «Дүнген қызы» бұл күнде көзі тірі көрінеді. Шәмшідей ақпейіл жанның нәзік жүрегін сезім мен сазға бөлеген дүнген аруының құрметіне шығарылған ән қазақтың сүйіп айтар әніне айналды.

Ақын Сабырхан Асанов

Жамбыл өңіріндегі сапар кезінде жергілікті тұрғындар сазгер мен ақынға қошемет көрсетсе керек. Сонда Шәмші: «Айналайын, қазақтарым-ай, пейілдеріңе, кең жүректеріңе рахмет. Сабырхан екеуміз жазған әндерді әуелетіп жүрген сендерге мына біздер қарызбыз» деген екен. Сазгер айтқандай-ақ, әнді жергілікті халық жадында сақтап, оның көзден таса болуына жол бермеген.

«Дүнген қызы» әні біраз жылдар бойы айтылмай келді. Өткен ғасырдың аяғында ғана әнді Ғани Мәтебаев пен Мақсат Базарбаев өз репертуарларына қосып, халыққа ұсынды.

Дүнген қызы

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Сөзін жазған: Сабырхан Асанов

Түндей тұнық көздеріңнің қарасы,
Қосылардай қастарыңның арасы.
Жалт қарасам, жалын атқан ақ жүзің,
Алаулайды атқан таңмен таласып, сырғалым.

Қайырмасы:
Қиял қанша ертеді елес 
Дүнген қызы, арманым.
Кез боп келсе ертелі-кеш,
Сенен көзді алмадым.
Өзгені емес, өзіңді ойлап жүдедім,
Түсінер деп бір қазақтың жүрегін, сырғалым.

Кімге болсын сүйкімді бір баласың,
Көңілімді баурап алып барасың.
Гүлге орайсың, түнге орайсың жылда сен,
Елге жаннат ерке Талас даласын, сырғалым.

 

Қайырмасы:
Қиял қанша ертеді елес 
Дүнген қызы, арманым.
Кез боп келсе ертелі-кеш,
Сенен көзді алмадым.
Өзгені емес, өзіңді ойлап жүдедім,
Түсінер деп бір қазақтың жүрегін, сырғалым.

Сені ойлаумен артта суық қыс қалды,
Сені ойлаумен жазғы ұзақ түн қысқарды.
Бақыт жайлы әнді бірге щырқайық,
Қонақтатып қойып бауға құстарды, сырғалым.

Қайырмасы:
Қиял қанша ертеді елес 
Дүнген қызы, арманым.
Кез боп келсе ертелі-кеш,
Сенен көзді алмадым.
Өзгені емес, өзіңді ойлап жүдедім,
Түсінер деп бір қазақтың жүрегін, сырғалым.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: thenews.kz, oks.kz


2767 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 01 тамыз 2012, 10:51
Пікірлер
+0
01 тамыз 2012, 12:37

Зульфияға арнап айту керек сияқты)))

+0
01 тамыз 2012, 13:16

Майя да бар тағы)))

+0
01 тамыз 2012, 14:43

Майяда дүнгенбеді?

+0
01 тамыз 2012, 15:34

:D дұрыс табылған идея

+0
01 тамыз 2012, 15:45

Мақсат Базарбеков деп жазылыпты, Базарбаев емес пе еді?

+0
01 тамыз 2012, 15:52

мә, ұят-ай (((((

+0
01 тамыз 2012, 15:46

Мақсат аға жақсы айтады осы әнді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...