"Орда" тобының мүшесі қырғыз қызына үйленді

"Орда" тобының мүшесі қырғыз қызына үйленді
Фото: Instagram

"Орда" тобының мүшесі Нұрлан Алымбеков қырғыз қызына үйленді. Бұл туралы онымен бір топта өнер көрсететін Ерболат Беделхан хабарлады.

Той жексенбі күні, 4 қазанда Алматы қаласында өтті. Жас жұбайлар Қырғызстанда танысыпты. Қалыңдықтың есімі Назира екен. Сонымен қатар Нұрланның қалыңдығы Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істейтіні белгілі болды. 

Дереккөз: tengrinews  

С. Ерсін