Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Аппақ гүлдер" - Ақбота Керімбекованы танымал еткен ән

"Аппақ гүлдер" - Ақбота Керімбекованы танымал еткен ән

Белгілі әнші Ақбота Керімбекова бағы «Аппақ гүлдер» әнімен ашылғандай. Қалың көпшілікке назды әнімен танылған әнші үшін бұл ән өнердегі төлқұжаты іспетті. Әдемі әннің авторы сазгер Құралай Сәтмұхамбетова, ал мәтінін Қуанышбек Төлеметов (1942-2004) жазған.

Құралай Сәтмұхамбетова жұртшылыққа «Алтынай», «Ару Ана» әндерімен таныс. Күндердің күнінде сазгер ақын Қуанышбек Төлеметовпен ойда-жоқта кездесіп қалады. Сол кезде ақын: «Жас кезімде түрткен жыр-өлеңдерім бар еді. Соны бір қарап шығуға қалай қарайсыз?» деп өз кітабын сазгерге табыстайды. Сазгер кітапты қуана-қуана қабыл алып, ақын шығармаларымен таныса жөнеледі. Кенеттен оның көздері «Сезім гүлі» атты өлеңге түседі. Өлең жолдары сазгерді тебірентіп жібереді. Жадында жатталып, ойына әдемі әуен оралады. Бір айдың ішінде ол осы өлеңге ән жазады. Әу баста «Сезім гүлі» деп аталынған ән ел арасында «Аппақ гүлдер» деген атпен кеңінен таралып, танымал болып кетті.

«Аппақ гүлдер» әнін нақышына келтіріп, Ақбота Керімбекова шебер орындап келеді. Белгілі театр және КТК актерлерінің қатысуымен әнге бейнебаян түсірді. Әнші алғашқы жеке шығармашылық концертін осы атпен өткізген болатын. Сондай-ақ, жеке күйтабағын да әнші «Аппақ гүлдер» деп атады.

Аппақ гүлдер

Әнін жазған: Құралай Сәтмұхамбетова

Сөзін жазған: Қуанышбек Төлеметов

Орындаушысы: Ақбота Керімбекова

Тыныш еді өмірім, 
Көріп сені өзгерді. 
Сүйіп сені көңілім, 
Жұлдыздарға теңгерді.

Қайырмасы:

Сөз таппаймын айтуға, 
Мен жүремін қысылып. 
Түсімде де жүрсің ғой, 
Аппақ гүлдер, 
Аппақ гүлдер,
Аппақ гүлдер ұсынып.

Күлім көзің нұрлана 
Тербеп нәзік сезімді 
Айтқан сөзің ойлана 
Жаныма ыстық сезілді

Қайырмасы:

Сөз таппаймын айтуға, 
Мен жүремін қысылып. 
Түсімде де жүрсің ғой, 
Аппақ гүлдер, 
Аппақ гүлдер,
Аппақ гүлдер ұсынып.

Жолға қарап жүремін, 
Қара көзді талдыра. 
Сағынышты жүрегім, 
Бойды өртеп жандыра.

Қайырмасы:

Сөз таппаймын айтуға, 
Мен жүремін қысылып. 
Түсімде де жүрсің ғой, 
Аппақ гүлдер, 
Аппақ гүлдер,
Аппақ гүлдер ұсынып.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: dastan-studio.kz

8795 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 31 шілде 2012, 06:01
Пікірлер
+0
31 шілде 2012, 11:10

атамның заманындағы ән ғой :)

+0
31 шілде 2012, 11:21

мектепте оқып жүргенімізде осы ән "ең модный" болатын, сол кезде осыны жиындарда айтпаған оқушы болмаған шығар)))))

+0
31 шілде 2012, 12:18

Оқып жүргенде осы әнді әрбір концерт сайын әр адам айта беретін))) маған клипі ұнайд әннің

+0
31 шілде 2012, 13:36

ыстық күнде ауылдың қыздары осы әнді айта беруге жалықпайтын

+0
31 шілде 2012, 14:11

иә, хит еді ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...