Тимати Шымкенттен өз дүкенін ашты

Тимати Шымкенттен өз дүкенін ашты
Фото: starnote.ru

Тимати Шымкент қаласында хип-хоп пен R’n’B-ді сүйетін көрермендеріне арнап «Black Star shop» деген дүкен ашты, - дейді жергілікті otyrar.kz порталы.

Бутикте әртүрлі стильдегі киімдер сатылады. Олардың авторы – әйгілі әншінің өзі. Ол әр киім үлгісіне ерекше тоқталып өткен. Қазақы ою-өрнектермен безендірілген жейделер, күрткелер, бас киімдер де дүкен сөрелеріне сән беріп тұр.

«Black Star shop» дүкенінің өкілі Марта Иванова: "Біз бұл аймақты білдіретін 13 нөмірлі санды жейделерді де ұсынып отырмыз. Сонымен қатар балалар киімінің топтамасын шығарамыз. Бұл дүкенге отбасыңызбен бірге келіп, сапалы әрі әдемі киімдер ала аласыздар деп мол сеніммен айта аламын", - дейді.

Ж. Исакаев