Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Өмір-өзен" - халыққа отыз жылдан кейін жеткен ән

"Өмір-өзен" - халыққа отыз жылдан кейін жеткен ән

Қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың небір әндері халық жадында сақталып қана қоймай, алып қазынаға айналғандай. Шәмшінің кез келген әні бір әлем іспетті. Әрқайсысының өз тарихы, өз жолы, өз орындаушысы бар. Сол әндердің бірі  - «Өмір-өзен».

Бұл ән өткен ғасырдың 70-80 жылдарында жазылғанменен ол халыққа кешігіп жеткен болатын. Ән мәтінінің авторы қазақтың көрнекті ақыны Мұхтар Шаханов. Ақын «Өмір-өзен» өлеңін жалындаған жастық шағында жазған екен. Өлең ақынның өмірге деген құлшынысы зор, болашаққа деген сенімі мол кезде үлкен шабытпен дүниеге келсе керек. Кейін өлең жолдары Шәмші Қалдаяқовтың қолына тиіп, ол ақын інісінің өлеңіне арнайы әуен жазып береді. Әуелі жаңа ән кішігірім басылымдарда жарық көреді. Бірақ, ән орындалмай, шаң басып қалады. Ақын Мұхтар Шаханов Қырғыз еліндегі Қазақстанның елшілігінде қызметте болған кезде мұрағаттарды ақтарып, іздеп жүріп «Өмір-өзен» әнін тауып алады. Араға отыз жыл салып ән халыққа жетеді.


«Өмір-өзен» әнін Жұбаныш Жексенұлы, Гауһар Әлімбекова, Гүлмира Ақүрпекова, Алтынай Жорабаева сияқты әншілер өз репертуарларына қосқан. Ал ән халыққа кеңінен әнші Алтынай Жорабаеваның орындауында жетеді. 2000 жылы әнші «Өмір-өзен» әнін репертуарына қосып, бейнебаян түсіреді. Елге әнші осы әнмен танылады. Уақыт өте келе «Өмір-өзен» әншінің бойтұмар әніне айналады.

Өмір-өзен

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Сөзін жазған: Мұхтар Шаханов

Біз екеуміз бәйшешектей ерте гүлдедік,
Қол ұстасып, бақыт жырын шертеміз дедік.
Қарсы жүріп үйренсек те қар мен жаңбырға,
Бірақ қарсы тұра алмадық асау тағдырға.

Қайырмасы:
Жылдар,
Өмірдің өзенімен,
Ағады кезегімен.
Сенсің көңілі ашық,
Менің ғашық ғасырым.
Ертеде де, кеште,
Тұрасың сен есте,
Мен өшсем де өшпе, асылым.

Алуан гүлдер шуақ шашты бүгін бақшамда,
Қызғанбаймын, басқа ошақтың отын жақсаң да.
Өмір мынау - бақ пен қайғы күнде жарысқан,
Ақ тілекпен қол бұлғайсың әркез алыстан.

Қайырмасы:
Жылдар,
Өмірдің өзенімен,
Ағады кезегімен.
Сенсің көңілі ашық,
Менің ғашық ғасырым.
Ертеде де, кеште,
Тұрасың сен есте,
Мен өшсем де өшпе, асылым.

Жалғыз аққу таудан асып, қайтып барады,
Сағынышын әнге қосып айтып барады.
Сол ерке құс мұңын жалғап ерте көктемде,
Мені есіңе ал, ауылыңнан ұшып өткенде.

Қайырмасы:
Жылдар,
Өмірдің өзенімен,
Ағады кезегімен.
Сенсің көңілі ашық,
Менің ғашық ғасырым.
Ертеде де, кеште,
Тұрасың сен есте,
Мен өшсем де өшпе, асылым.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: m-shahanov.kz, 31.kz, yvi.kz

 

9478 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 24 шілде 2012, 12:08
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...