Қазақстанда «BALA Turkvizyon–2015» Халықаралық балалар әні байқауына ұлттық іріктеу басталды

Қазақстанда «BALA Turkvizyon–2015» Халықаралық балалар әні байқауына ұлттық іріктеу басталды
Фото: Руслан Қанатбек

Бүгін Алматыда заманауи түркі тілдес елдердің тарихындағы алғашқы және жалғыз «Bala Turkvizyon» Халықаралық балалар әні байқауының өз бастауын алғаны жарияланды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасының қолдауымен Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» жеке қоры байқаудың ұлттық іріктеуін ұйымдастырушы болып ат салысты. Бұл туралы Massaget.kz порталына аталған байқаудың қазақстандық өкілі хабарлады. 

Конкурстың концепциясы елдің барлық өңірінен келген дарынды балалардың  ашу және оларға қолдау көрсету арқылы түркі халықтарының бірігу идеясын жүзеге асырады.  Алматыда өткен баспасөз конференциясында ұйымдастырушылар 8 маусымнан бастап 1 тамызға дейін бүкіл Қазақстан бойынша байқауға қатысушыларды іріктеудің жүргізілетіндігін хабарлады. «BALA Turkvizyon–2015»-ке қатысуға 8 жас пен 13 жас аралығындағы балалар жіберіледі. Күзде түркі әлемінің астанасы Мары (Түрікменстан) қаласында өтетін «Bala Turkvizyon» Халықаралық балалар байқауының Гранд-финалына жолдама Ұлттық сатының басты жүлдесі ретінде болмақ.

Халықаралық жоба 2015 жылғы 30 мамырда Алматы қаласында өтетін гала-концертте салтанатты түрде өз бастауын алатын болады, мұнда эстрада жұлдыздары мен жас музыканттардың орындауындағы әйгілі қазақстандық хиттер шырқалады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры «Хабар» телеарнасының эфирінде 1 маусымда көрсетілетін концерттің бас әріптесі болып табылады.

Тұрғылықты жеріне тәуелсіз кез келген бала Қазақстандағы «Bala Turkvizyon» байқауының қатысушысы бола алады. Қазақстанның 16 жас әртісі өз туған өңірлеріндегі кастингтерді өткізеді, олардың ішінде – Маржан Арапбаева, Ринат Малцагов, Дастан Оразбеков, Кәмшат Жолдыбаева және т.б. бар. Өңірлік іріктеу нәтижелері бойынша 16 қатысушы анықталып, әртістердің әрқайсысы жобаға қатысатын бір-бір конкурсанттың продюсеріне айналады. Іріктеудің қалай жүріп жатқанын Байқаудың күнделігін көрсететін қазақстандық телеарналардың эфирінен тамашалауға болады.

Әрбір өңірде көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан 3 дарынды баладан анықталып, олар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры тағайындаған сыйлықты иеленеді.  

«Шығармашыл жастарға қолдау көрсету Қор қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Біз барлығымыз өз балаларымыздың табысқа қол жеткізуін қалаймыз. «BALA Turkvizyon» байқауы– бүкіл әлемге өз дарыныңды көрсетудің бірегей мүмкіндігі. Біз Қордың Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген дарынды балаларға кезекті рет қолдау көрсетіп отырғанын мақтан тұтамыз», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Сағындық Нұраханов.

Барлық байқауға қатысушы жұлдызды үйде тұрады. Қазақстан мен ТМД-ның ең үздік ұстаздары оларды вокалдық және әртістік шеберлікке, сахнадағы қозғалыстарға және хореографияға үйретеді. Байқауға арнап әдейі 16 жаңа композиция жазылып, Астана қаласындағы финалдық концертте олардың тұсауы кесіледі.      

Финалда қазылар алқасының мүшелері байқаудың жеңімпазын анықтап, ол «Bala Turkvizyon» байқауының гранд-финалында Қазақстан Республикасын танытуға аттанады. Байқауға қатысушылар сыйлықтар мен гранттардың лауреаттарына айналады және өз оқуларын жалғастырып, бұдан әрі ұштала түсу мүмкіндігіне ие болады.  

М. Оңғарова