Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Халық музыкасының үні ешқашан өшпейді

Халық музыкасының үні ешқашан өшпейді

Халық музыкасының үні ешқашан өшпейді

Дәстүрлі өнердің өкілі ретінде қазіргі жастардың болашақта халық музыкасын тыңдайтынына сенесіздер ме?

Әрине, сенеміз. Қазақстанда да,   шетелде де дәстүрлі өнерге деген қызығушылық бар. Шетелдерде тыңдармандарымыз бізді іздеп келеді. Тік тұрып қолдарын соғады. Концерттерімізді ұйып тыңдайды. Алғашқы альбомды жарыққа шығарған кезде үлкен тұсаукесер концертін бердік. Халық жиналып, концерт басталған кезде жарық сөндірілді. Кеш шымылдығын «Бақсы» туындысымен аштық. Сахналық қойылымды көрсетіп, шығармамызды орындап біткеннен кейін жарық жанып қалғанда, өз көзімізге өзіміз сенбей қалдық. Халық дегенің есікке сыймай, тіпті қатарлар арасындағы жолдарға дейін отырған. Балконда халық толып тұр. Ішке сыймай қалғандары сыртта тосып тұр екен. Қатты қуандық. Бұл бізге деген, дәстүрлі өнерге деген үлкен құрмет. Осындай ықыластарды сезінген соң, бұл өнердің өлмейтініне сенеміз. Әрі қарай дамуымызға сенімділік пен құлшыныс пайда болады.

Қол ұшын созып жатқан демеушілер бар ма? Басты қаржы көзі қайдан келеді?

Өзіміз білім алып жатқан Қазақ Ұлттық Консерваториясы біраз қолдау көрсетті. Концерттерге шығып тұрамыз, қол ұшын созып жатқан жандар баршылық.

Сахналық киімдеріңіз бірден көзге түседі. Ыңғайсыздық тудырмайды ма? Ауыр, ыстық дегендей...

Сахналық киімдеріміз біздің төлқұжатымызға айналды. Көпшілік сахналық киімімізге қызығады. Ыстық тартпайды, ауыр емес, ыңғайсыздық тудырмайды. Бір қалыпты дене температурасын ұстап тұрады. Тіпті, осы киімімізбен сахнаға шықпасақ, біртүрлі күйге түсеміз. Бізге рух беріп тұратындай сезінеміз.

Би мен сазды бір арнаға тоғыстырған «Бақсы», «Аңшылық» сахналық қойылымдардағы биді өздеріңіз қойдыңыздар ма? Әлде хореографтардан арнайы сабақ алдыңыздар ма?

«Бақсы» туындысына биді өзіміз көп ізденіп, бақсылық жайында ақпарат жинастырып, талдау жасадық. Зерттей келе биді өзіміз қойдық. Кейін осы туындыны орындап, сахнаға алып шықтық. Ал «Аңшылық» қойылымында кәсіби хореографтар Г. Адамова және А.А. Садықовадан арнайы сабақ алдық.

Әрқайсысыларыңыз бір емес, бірнеше аспапта ойнайсыздар. Бір-бірлеріңізді алмастырып тұратын кездер болады ма?

Әрине, болады. Әркім өз партиясына жауапты, бірақ шығарма орындау барысында біреуіміз бос болып қалсақ, басқа аспапта ойнап, жалғастырып кете аламыз. Бізге бір-біріміздің аспабымызда ойнау еш қиындық тудырмайды. Кейде әлдебір музыкада дәл сол аспапта ойнағың келіп тұратын кездер болады. Сондай кездерде өтініш білдіріп, аспабымызды ауыстырып ойнай береміз.

Ырымға сенесіздер ме? Сахнаға шығар алдында іштей дұға тілеп, ырымдайсыздар ма? Үлкен күші бар тұмарларыңыз бар ма?

Мақсат: Өз басым аса мән бермеймін.

Абзал: Бойтұмарым бар. Ол туған жер топырағы бар кішкентай ғана тұмар.

Араларыңызда көшбасшы бар ма? Болса ол кім?

Мақсат: Бізде көшбасшы жоқ.

Қорлан: Біз өте тату жандармыз, тіпті, бәріміз бір үйдің баласындай болып кеттік.

Абзал: Алақанның бес саусағындаймыз.

Бауыржан: Барлығымыз бірдейміз.

Серік: Бір-бірімізді бір күн көрмесек, тұра алмаймыз.

Ал араларыңыздағы еркетотай кім?

Қорлан: Бауыржан.

Бауыржан: Қорлан.

Абзал, Серік, Мақсат: Қорлан!


Қорлан Кәртенбаева

Қорлан, ер азаматтардың арасында жалғыз қыз болу сізге қиын емес пе?

Қорлан: Тыңдармандар тарапынан осы сұрақ маған жиі қойылады. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей, ер азаматтардың арасында жұмыс істеу бір жағынан қиын, бір жағынан жеңіл десем болады. Жеңіл жағын айтар болсам, қыз балаларға қарағанда, ер азаматтармен жұмыс істеген әлдеқайда оңай. Себебі, олар шығармашылық тұрғыда ойлайды, істері де тиянақты. Ал қиын жағына келер болсам, біз әр түрлі жандармыз. Болмысымыз, мінез-құлқымыз, қызығушылықтарымыз әр қилы. Өмірге деген көзқарасымыз, тіпті таңдауларымыз да бөлек. Бір қызығы, біз сахнада, шығармашылық ізденіс кезінде бір-бірімізді өте жақсы түсінеміз. Себебі, барлықтарымызды өнер біріктіреді.

Бос уақытты қалай өткізесіздер? Қалай және қайда демалғанды ұнатасыздар?

Қорлан: Шыны керек, бос уақыт көп бола бермейді. Болып жатса, әрине, оған тек қуанамыз. Бос уақыт ішінде кейінге қалдырылған жұмыс пен жоспарларымызды іске асырамыз. Алға қойған жоспарларымызға дайындық жүргізіп, жаңа идеяларды іздейміз.

Қазіргі заманда интернет керек дүние. Интернетті пайдаланасыздар ма? Әлеуметтік желілерде тіркелесіздер ме?

Әлбетте, интернетті тұрақты қолданамыз. Қазіргі таңда өмірді интернетсіз елестету өте қиын. Әрқайсысымыздың әлеуметтік желілерде өз интернет беттеріміз, қауымдастығымыз бар, сондай-ақ, блог жүргіземіз.

Интернет беттеріндегі әлеуметтік желілер «Тұран» ансамблін кеңінен танытуға көмегін тигізіп жатыр ма?

Иә, бізді көпшілік қауымға таныстыруда интернеттің пайдасы бар. Біз тыңдарман қауыммен интернет арқылы байланысқа шығамыз. Тыңдармандарымыз біздің музыканы тыңдап, бейнебаяндарды тамашалай алады. Өзіміз қатысатын концерттік кештер туралы хабарландыру таратамыз. Әлеуметтік желілерде құрылған қауымдастықтардың арқасында біз ансамбльдің жаңалықтарымен бөлісеміз, алыс-жақын шетелдегі тыңдармандарымызбен хат алысып жатамыз.


Мақсат Медеубек, Серік Нұрмолдаев, Бауыржан Бекмұханбетов, Абзал Арықбаев

Жұлдыз ауруымен ауырған кездеріңіз болды ма?

Жоқ, болған емес. Біздің ұғымымызда, жұлдыздар тек көкте ғана. Жұлдызбыз деп кеуде керген емеспіз.

Жігіттер, сіздерге қандай қыздар ұнайды? Қорлан, сіздің таңдауыңыздағы жігіт қандай?

Абзал: Ең әуелі ол - қазақи тәрбиедегі, қазақша таза сөйлей алатын сыпайы қыз. Мен өз арманымдағы қызды таптым. Жақында шаңырақ көтердім.

Бауыржан: Менің де таңдауым Абзалдың таңдауымен сәйкес келеді. Маңыздысы – қазақи тәрбие. Мен де өз өмірімді арнайтын жанды таптым.

Серік: Мен де жігіттермен келісемін. Маған қазақи тәрбие алған, үй шаруасына пысық және қарапайым қыздар ұнайды. Мен өнер адамымын. Беймәлім сүйген қызым шығармашылық өміріме түсіністікпен қараса деген ниетім бар.

Мақсат: Сезім мен ақылды ұштастыратын жан болғандықтан, сыртқы келбетке аса мән бере бермеймін. Мен үшін жүрек пен ақыл егіз нәрсе. Тек жүректің қалауымен не тек ақылдың айтқанымен емес, екеуін де тыңдап ортақ қорытынды шығарамын. Сүйген қызым бар.

Қорлан: Оқыған, тәрбиелі ер азаматтық қасиеттері бар жігіттер таңдауым. Егер аузынан бір ауыз жаман сөз естісем, ондай жігіттерден дереу теріс айналамын. Болашақ жарымның басқа мамандық иесі болғанын қалаймын.

«Тұран» ансамблінің өзгелерден қандай ерекшелігі бар?

Ең бірінші – біздің репертуар. Тобымыз түркілік бағытты ұстанғандықтан, көне дәстүрімізді жалғастыру басты нысана болып табылады. Көне аспаптарды қолдана отырып, шығармаларымызды жаңа өңдеуде орындаймыз. Туындыларымызды орындау барысында нотаға үңіліп қарап отыратындардың қатарынан емеспіз. Тыңдармандарымыздың жүрек соғысын тыңдап, олардың жанын түсінуге ұмтыламыз. Өнер сүйер қауымның өз тамырын, шыққан тегін сезінгенін аңғаруға тырысамыз.

Біздің порталда әр түрлі тақырып аясында эстафета жүргізу салты бар. Сол бойынша мынандай сұрақтарға жауап берсеңіздер.

Қарсы жыныстағы жанның қандай қылықтарын ұнатпайсыздар?

Абзал: Кішкентай сөмкесін ер азаматтарға көтерткізіп қоятын қыз балаларды ұнатпаймын. Қызының ридикюль не клатчын ұстаған ер жігітті көрсем, еріксіз күлкім келеді.

Қорлан: Өздерін кішкентай бала сияқты ұстайтын, тырысқан киімдер киетін ер азаматтарға жыным келеді.

Есімдеріңіздің қойылу тарихы қандай?

Серік: Ата-анама серік болсын деген ниетпен есімімді атам қойған.

Абзал: Нағашы әжемнің ақындық өнері бар. Мен дүниеге келгенде әжем анама «Абзал, Алмас деп ат қойдым» деген өлең жолдарын хат арқылы жазып жіберіпті. Содан анам Абзал деген есімді таңдаған.

Бауыржан: Есімімді Бауыржан деп нағашы әпкем қойды.

Қорлан: Ағам консерватория оқып жүргенде «Құсни-Қорлан» әнді ұнатып, мен дүниеге келгенде маған Қорлан деп ат беріпті.

Мақсат: Мақсат деп есімімді азан шақырып ата-анам қойған.

Бала күндеріңізде кім болуды армандап едіңіздер?

Бауыржан: Өрт сөндіруші я құтқарушы болуды армандайтынмын. 

Қорлан: Мен музыкант болуды армандағанмын. Арманым орындалды.

Абзал: Бала кезде суретші болғым келді.

Серік: Теледидарда көрсетілетін бағдарламаларға қарап, «тележүргізуші болсам» деген арманым болды.

Мақсат: Музыкалық мектепте оқығандықтан, арманым музыка саласының білікті маманы болу еді.

Өз ансамбльдеріңізге  деген қандай тілектеріңіз бар?

Ең басты тілегіміз денсаулық болсын. Алға қойған бар мақсаттарымызға қол жеткізсек деген ниетіміз бар. Қазақ өнерін өшірмей, оны ары қарай дамытуға бар күшіміз бен үлесімізді қосуға тырысамыз. Біздің орындауымыздағы халық музыкасы тыңдарман қауымның көңілінен шығып, қуанған және мұңайған сәттерде жанынан табылсын дейміз. Қазіргі заманда қазақ қоғамы шыққан тегін ұмытпай, халық әуендерінен нәр алып, төл өнеріміз арқылы елімізге деген сүйіспеншілікті одан әрі жаңғыртса деген тілек білдіреміз.

Форумда талқылау

Интервью этно-фольлорного ансамбля "Туран" на русском языке читайте здесь.

4829 6
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 06 қаңтар 2012, 09:00
Пікірлер
+0
06 қаңтар 2012, 11:20

осы топ молодец ай негізі , интернетті өте жақсы қолданады. продвинутый артистер. қазақтың атын әлеме әйгілеңдер енді!

+0
06 қаңтар 2012, 20:40

Rahmet bergen baganyz uwin. Wamamyz kelgenwe kazak onerine az da bolsa oz ulesimizdi kosu biz uwin ulken martebe. Sizderdin senimderinizdi aktaimyz :-)

+0
08 қаңтар 2012, 16:25

Өнерге енді аяқ басып келе жатыр, сонда да көптің көңілінен шығып үлгерді! Таланттыларға нұр жауады деген! Сұхбаттарынан қарапайымдылық қасиеттері байқалады.

+0
14 қаңтар 2012, 15:53

Жақсы көремін сіздерді

+0
22 қаңтар 2012, 01:01

Талаптарыңызға нұр жаусын, өнерлеріңіз тек биіктен көріне берсін!!! Шығармаларыңызға мың да бір РАХМЕТ!!!!!

+0
31 қаңтар 2012, 13:58

sizderdi suip tyndaymyz! tagy da concert berinizder! akyly bolsa da baramyz )

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...