Оқи отырыңыз

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Көк тудың желбірегені" - рухты оятатын нағыз патриоттық ән

"Көк тудың желбірегені" - рухты оятатын нағыз патриоттық ән

Есімі енді-енді танылып келе жатқан жас әнші Ибрагим Ескендір орындауындағы «Көк тудың желбірегені» жаңа заманғы әндердің бірі.

«Көк тудың желбірегені» әні - сағымды сағынышқа толы, жанды тебірентіп, рухты оятатын нағыз патриоттық ән. Ол арнайы тапсырыспен жазылған ән емес. Ол атамекенге деген ыстық сағыныш пен бойдағы елжандылықтан туған ән. Тарихи отанына жете алмай жүрген өзге елдердегі қазақ бауырлардың жүрегінің лүпіліндей естілетін ән авторы Ермұрат Зейіпхан. Ал сөзін ақын Алмас Ахметбекұлы жазған. Екеуі де Қытайдан елге оралған қандастар.

Ән мәтінін жазған ақын - Алмас Ахметбекұлы

Әуелі «Көк тудың желбірегені» әнінің сөзі дүниеге келген. 1992 жылдың 22 мамырында Алматыда тәуелсіз елдің көк туы қабылданады. Бұл шара барлық арналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Қытайдың Шәуешек деген мекенінде тұратын ақын Алмас Ахметбекұлы бір топ қазақ бауырлармен жиналып, теледидардан тамашалайды. Елбасы байрақты тізерлеп тұрып сүйгенде экран алдында отырған қандастар көз жастарына ерік береді.  

Ән авторы - ақын-сазгер Ермұрат Зейіпхан

Ақын өзі көк туды Қорғас шекарасынан елге өтіп келе жатқанда көреді. Самал жел соғып тұрғанда көк ту әуелеп, желбіреп тұрды. Сол кезде ақын жүрегі елжіреп, бойын ерекше бір сезім билеп, «Көк тудың желбірегені» деген өлең жолдары ойына келеді. Алматыға келген кезде өлеңнің қалған жолдары жазылады. Кейін ақын Еркін Ергенұлы деген сазгерге өлеңге ән жазып беруін өтініп сұрайды. Алайда, ән ақынның көңілінен шықпай, ол ақын-сазгер, опера әншісі Ермұрат Зейіпханұлына өлеңге ән жаз деп ұсыныс білдіреді. Сазгер әннің екі нұсқасын жазады. Ақын екеуін де тыңдап, ұнатқан нұсқасын қалдырады. Алғаш рет сахнаға «Көк тудың желбірегені» әнін әнші, отандық опера жұлдызы Майрам Мұхаммедқызы орындап шығады.

Әнші Ибрагим Ескендір

Кейін ән бірнеше дауыста опералық бағытта жазылып, радиодан беріліп жүреді. Осы кезде ән жас әнші Ибрагим Ескендір құлағына шалынып, ол әнді домбыраға салып, айта бастайды. Өткен жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай әнші «Қазақстан» ұлттық арнасының қолдауымен «Көк тудың желбірегені» әніне бейнебаян түсіреді.

Көк тудың желбірегені

Сөзін жазған: Алмас Ахметбекұлы

Әнін жазған: Ермұрат Зейіпхан

Орындаушысы: Ибрагим Ескендір

Көк тудың желбірегені -
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
Шымырлатқаны денені.

Көк тудың желбірегені -
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес,
Маған керегі-
Көк тудың желбірегені.

Көк тудың желбірегені-
Елдіктің асқақ өлеңі,
Әр жаққа тартпай, қазағым,
Бір сөзге жинал дегені.

Көк тудың желбірегені -
Бақыттың елжірегені,
Қиырда қалған қазақтың
Азат отанға жете алмай
Көзінің мөлдірегені.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: alashainasy.kz, azattyq.org, baq.kz

Ілмек сөздер: Көк тудың желбірегені, Ибрагим Ескендір, Алмас Ахметбекұлы, Ермұрат Зейіпхан

Дайындаған:
Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні:
06 шілде 2012, 10:03
Тегтер:
Көк тудың желбірегені, Ибрагим Ескендір, Алмас Ахметбекұлы, Ермұрат Зейіпхан
3992 0
Рейтинг: +0

Мақала ұнады ма? Ұнаса, достарыңмен бөліс!
Пікірлер
+0
06 шілде 2012, 13:43


Көк тудың желбірегені -
Жаныма қуат береді

+0
06 шілде 2012, 14:35

бүгін осы әнді естіп оянып едім ұйқымнан!шынында да патриоттық сезімді оятады екен!

+0
06 шілде 2012, 21:44

осы ән маған қатты ұнайды :)

+0
06 шілде 2012, 21:54

патриоттық әндерді жақсы тыңдайтын болдыңыз ғой.. :P

+0
07 шілде 2012, 21:36

ooooo menin agam goi ozim birinwi tindaganda tan kaldim kandai keremet ani de sozi de dep. budan baska amanat ani de keremet, maginasi ken!!! :)

+0
09 шілде 2012, 09:23

ауылдағы брәтщкәлар осына айта беред ше

+0
10 шілде 2012, 10:55

Қиырда қалған қазақтың
Азат отанға жете алмай
Көзінің мөлдірегені.

жылағым келеді.... қанша қазақ Отанына жете алмай жүр..... :cry:
ән жақсы жазылған, мағыналы. осындай қазақтарымыз елге көптеп оралса ғой :!:

+0
18 шілде 2012, 17:53

Иа әнде мағнасыда тамаша! Бір өкініштісі Ермұрат Зейіпханды Қытайлық дарігерлер адейі өлтірген тәрізді деседі,себебі ол қаншыл,қазақшыл,білімді мықты кісі екен, ал қытайларға мұндай адамның аңқау қазақты алдыға жетелегені мүлдем ұнамаған екен! :twisted:

+0
18 шілде 2012, 18:06

ал маған әуені тым жеңіл боп көрінеді. Мысалы, Атамекен, Сарыарқа әндері секілді жанымда сезім тудырмады. Мына әуенге басқа сөздер, ал сөздерге басқа әуен керек секілді.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Ең қызықты блогтар

Менің қызығушылықтарым (эстафета)
Менің қызығушылықтарым (эстафета)

Әсел Құрманның ұсынысы бойынша

Уақыт
Уақыт

Мен уақыт саяхатшысымын. Мен таңертеңнен кешке дейін, кештен таңға,таңнан...

Мен сіздерді оқыдым, Лира, Дархан, Аягүл, Ардақ!
Мен сіздерді оқыдым, Лира, Дархан, Аягүл, Ардақ!

«Шығарма оқушыға түсініксіз болып қалса, жазушының сәтсіздікке ұшырағаны...»

Қазақтың ұл - қыздары
Қазақтың ұл - қыздары

Жасасын қазағымның ұл - қыздары.

Блоггердің махаббаты
Блоггердің махаббаты

Оқиға шындыққа негізделіп жазылған

Автор: Salamat Uteshev
Жаһанды жаулаған техника
Жаһанды жаулаған техника

Қазіргі жаһандану заманында техника ұшқан құстай серпінмен қарқынды дамуда.

Автор: Shuakh Kairatkyzy

Соңғы аудармалар

DBSK – DARKNESS EYES [қазақша субтитрмен]
DBSK – DARKNESS EYES [қазақша субтитрмен]

동방신기 (Тонбансинги) — 2003 жылы құрылған кореялық поп-группа. Топ мүшелері сахнаға шыққанда-ақ өздерінің аса дарынды әнші, биші екендіктерін көрсетті. Топтың аты Dong Bang Shin Ki (DBSK) "Шығыстың жаңадан туып келе жатқан Құдайлары" деген мағынаны береді. Сондай-ақ Dong Fang Shen Qi (Dōngfāngshénqǐ), қытайлық жанкүйерлер үшін Tong Vfang Xien Qi (TVXQ), жапониялық тыңдармандар үшін Tohoshinki (THSK) аттарымен белгілі. Азияда үлкен танымалдылыққа ие болған DBSK - Оңтүстік Коредағы №1 топ. Әсіресе Жапонияда үлкен сұранысқа ие. Топ көптеген марапатқа ие болған,...

Ештеңе етпейді, бұл – махаббат / It’s Okay, It’s Love (5-бөлім)
Ештеңе етпейді, бұл – махаббат / It’s Okay, It’s Love (5-бөлім)

Түпнұсқа атауы: It’s Okay, It’s Love Мемлекет: Оңтүстік Корея Жанры: мелодрама, комедия Жылы: 2014 Серия саны: 16 Рөлдерде: Ин Сон Чо, Хё Чжин Гон, Дон...

SS501 -  Lucky Days [қазақша субтитрмен]
SS501 - Lucky Days [қазақша субтитрмен]

Оңтүстік Кореялық танымал SS501 тобы 2005-2010 жылдар арасында DSP Entertainment лейблының продюсерлігінде болды. Осы уақыт аралығында аталған топ тек Оңтүстік Кореяға...