Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Бесік күйі" - күйші тағдырмен тығыз байланысты шығарма

"Бесік күйі" - күйші тағдырмен тығыз байланысты шығарма

Қазақтың көнеден келе жатқан музыкалық аспаптарын жетік меңгерген жандар аз емес. Соның бірі сазы сырлы, әуені әсем сыбызғы аспабында шебер ойнайтын өнерпаз - Абай Әбішев. Абай әнші болуымен қатар, алғашқылардың бірі болып, үлкен сахнаға ұмыт бола бастаған сыбызғы аспабын алып шыққан жан. Оның орындауындағы «Балауса» («Бесік күйі») қалың көпшілікке кеңінен таныс. Радиодан күнде берілетін әдемі күйдің әуелі домбырада ойналғанын жұртшылық біле бермейді. Шығарма авторының белгілі күйші-сазгер Секен Тұрысбеков екенін де біреу білсе, біреу білмес.

Секен Тұрысбековтың кез келген шығармасы оның тағдырынан сыр шертіп тұратындай. Күйшінің атақты «Көңіл толқыны» да өз басынан өткен қайғыдан туған-ды. «Балауса» күйі де Секен Тұрысбековтың тағдырымен тығыз байланысты.

Күйші-сазгер Секен Тұрысбеков

Бұл күйдің әуелгі атауы «Бесік күйі» болатын. Кейін тыңдарман қауымға кеңінен таралып, танымал бола бастаған соң, күйші күй атауын «Балауса» деп өзгертеді. Себебі, ол күйдің шығу тарихын, қайғы-қасіретін қозғамауды жөн көреді.

Секен Кәрімұлының атасы Тұрысбек 1930 жылы ауқатты әулеттің қолынан қаза тапқан. Ауқатты әулеттің балалары қарапайым шаруа Тұрысбектің бар мал-мүлкін тартып алып, өзін атып тастайды. Артында жесір жас келіншегі, бесіктегі баласы Кәрім жетім қалады. Жас баласын бесікке салып, күйшінің әжесі шекара асып, Қытайдағы Бестөбе деген жерге көшіп кетеді. Баласы Кәрім сол жақта өседі. Есейіп, үйленген соң, 1960 жылы өзі жатқан бесікке бір жасар ұлы Секенді салып, отбасымен Қазақстанға келеді. Отыз жыл бұрынғы тағдыр қайта қайталанады. Секеннен бөлек Кәрім балаларының барлығы өзі жатқан бесікте өсті. Күйшінің «Бесік күйі» шығармасының дүниеге келуіне басынан өткен балалық шағындағы осы жағдай себеп болады. Күйдің кейбір ырғақтары жеңіл болғанымен ол жақта бар ауыртпалық, тағдырдың тәлкегі, мұң-шер жатқандай.

Әнші-музыкант Абай Әбішев

Бұл күй сыбызғымен орындалып, әрлеген кезде ол көңілді әрі шаттыққа толы шығарма болып көрінеді. Сондықтан да, біраз уақыт оның атауы «Балауса» деп беріліп жүрді. Күндердің күнінде Секен Тұрысбеков пен Қабдеш Жұмаділов жолығып қалады. Сол кезде көрнекті қаламгер: "Бұл күйдің алғашқы атауын қайта айта берсек қайтеді? «Бесік күйі» болып қала берсін, Секен, бұл атаумен күйдің бар болмысы мен табиғаты ашылады" деп пікірін білдіреді. Содан кейін Секен Тұрысбеков күйдің «Бесік күйі» деген бастапқы атауына қайта оралу туралы шешім қабылдайды.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: dastan-studio.kz, alashainasy.kz

1805 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 05 шілде 2012, 14:54
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...