Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Ару-ғұмыр" - нәзік жандарға арналған ән

"Ару-ғұмыр" - нәзік жандарға арналған ән

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина репертуарындағы «Ару-ғұмыр» әні талай тыңдарманның жүрегінен орын алған ерекше шығармалардың бірі. Әйел затының бар болмысын бейнелейтін тың тақырыптағы ән жарыққа шыққан бойда кең тарап, сүйікті әндердің қатарына енді. Ән авторы талантты сазгер Бағлан Бәбіжан, ал мәтінін қаламы ұшқыр ақын Нәзира Бердалы жазған.

Ақын Нәзира Бердалы

2004 жылы жас сазгер өнердегі әпкесі Бағдат Сәмединовамен бірге концерттік бағдарламамен Семей қаласына барады. Сол сапарда әнші сазгер сіңлісіне: «Әйел затының адам ғұмырындағы алар орнын көрсететін, оның әуелі нәзік жан екенін айтатын қазақта ән жоқ. Ән жазсаң, осы тақырыпты қозғап көр» деп ақыл айтады. Сапардан келген бойда сазгер әйел тақырыбында ән жазуды қолға алады.

Ән авторы - Бағлан Бәбіжан

Ол кезде Бағлан Бәбіжан «Қазақ радиосына» жұмыс істейтін. Қыркүйек айының басында ол жұмысқа кетіп бара жатады. Ойына әдемі әуен келеді. Жол бойы әнді қайта-қайта орындап, жұмысқа кірген бойда ол дыбыс жазатын студияға барып, жаңа әнін жазып алады. Сол күні әріптесі ақын Нәзира Бердалыға жолығып, ән тақырыбын айтып, өлең жазып беруін өтініп сұрайды. Ақын әріптесінің көңіл аяқ асты етпей, көп ұзамай мәтінін жазып береді. Сол жылдың күзінде ән әнші Қарақат Әбілдинаға ұсынылады. Қарақат әнді бірден ұнатып, 2005 жылдың наурыз айында өткен мерекелік концерттердің бірінде орындап, ел алдына алып шығады. Әу баста, әннің «Мен әйелмін», «Әйел бақыты» сияқты атаулары болған. Кейін ол «Ару-ғұмыр» болып өзгертілді.

Ару-ғұмыр

Әнін жазған: Бағлан Бәбіжан

Сөзін жазған: Нәзира Бердалы

Орындаушысы: Қарақат Әбілдина

 

Адалдығы болмаса аңсатар ма,
Ару деген – әдемі  әрқашанда,
Өмір атты іздеген ән-сапарда, бақыт.

Әр таң оған ерекше күліп келген,
Әр көктемнен ерекше үміттенген,
Зулайтынын осылай біліп пе ем мен, уақыт.

Кеше ғана бәйшешек гүлдей едім,
Күнге қарап көктемде күлген едім,
Бүгін мүлдем өзгеше күйге енемін, шіркін!

Жайқалады гүлзары көнілімнің,
Мен қазақтың  қызымын, келінімін,
Мен елімнің ертеңгі сенімімін, мүмкін!

Жаңаша боп туады жанған күнім,

Аспанында арманның самғап жүрмін,

Ақ некелі жарыма арнаулымын мәңгі.

Жарық қылам жер бетін нұр-сәулемен,

Қырық шырақтан құралған құрсау денем,

Бесігімді тербетем шырқауменен әнді.


Мен - әйелмін, әлемнің анасымын,
Үміт жеңген кей-кезде жан ашуын,
Күлкісі – күн, тәні – нұр, санасы – мұң, менмін.
Нәзікпін мен, сол үшін айыптымын,
Ғажап түске боядым ғайып түнін,
Не десең де бақытқа лайықтымын, сенгін.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: alashainasy.kz, anatili.kz

13626 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 04 шілде 2012, 09:40
Пікірлер
+0
04 шілде 2012, 09:56

шынымен, бізге арналмаған

+0
04 шілде 2012, 11:01

Нәзікпін мен, сол үшін айыптымын, :!: :!: :!:

+0
04 шілде 2012, 12:29

сондай жақсы көрем осы әнді, мен жайлы болмаса да)))

+0
04 шілде 2012, 13:19

неге сіз жайлы емес???

+0
04 шілде 2012, 15:00

келін емеспін, ақ некелі жарым жоқ, бесік тербетіп отырған жоқпын, нәзік емеспін )))))

+0
17 наурыз 2013, 11:12

Ару ғұмыр деген әннің сөзінің авторында шатағым жоқ. Ал әнінің авторы Бағлан Бәбіжан француз фильмінің саундтрегінен ұрлап алып, менің әнім деп жариялауға ұялмай ма екен дегім келеді. Фильмнін атын ұмытып қалдым, егер тапсам, сол саунд тректі осы әннің қасына қойып берер едім. Адамда шамалы ұят болу керек қой.

+0
02 сәуір 2015, 00:20

Мына пікірдің жазылғанына 2 жыл болыпты, бірақ мен көрмеппін, бір жұмыстасым көріп, сосын кіріп отырмын осы сайтқа. Осы қазақтардың бір-біріне жала жабуын қашан қояды екен. Француз киносы түгілі мен орыс сериалдарын көрмеймін. Тек қазақ киносын көріп, домбырамен ән айтатын адаммын. Сосын дәделсіз сөйлеудің не қажеті бар. Мынандай кино деп жаз, сосын көрейік, көрген күнде де, менен алған шығар деймін, себебі әнді өзім қалай шығарғаным, әр нотасына дейін есімде. Мынандай нәрсе жазу үшін ақ қарасын ажыратып алғаның дұрыс. Айтпақшы, менің бұл әннен де басқа көптеген әндерім бар. Француз киносын көрмей-ақ ән шығарамын, ол әсілі Құдайдан берілген қасиет болу керек, сансыз шүкір

+0
02 сәуір 2015, 00:21

Абайлап сөйле

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...