Дастан Оразбеков қыздар тобына кастинг жариялауы мүмкін

Дастан Оразбеков қыздар тобына кастинг жариялауы мүмкін

"Орда" тобының мүшесі Дастан Оразбеков қыздар тобына кастинг жариялауы мүмкін. Бұл туралы Massaget.kz тілшісіне әншінің өзі айтты. 

"Әзірге нақты ештеңе айта алмаймын. Әлі жоспар күйінде болғандықтан, кейін сөзім мен ісімнің қабыспай қалғанын қаламаймын. Тек айтарым – осы айдың ішінде қыздар тобына кастинг жариялаймыз. Қыздар тобы не 3, не 4 қатысушыдан тұрады, әлі бір шешімге келмедік. Нақты ақпаратты осы айдың ішінде өзіміз мәлімдейміз", - деді Дастан. 

"Орда" тобы өз шығармашылықтарымен айналысумен қатар, талантты өнер иелерін жарыққа шығаруға талпынып келеді. Әсіресе k-pop жанрында өнер көрсететін жастарды қолдап жүргені белгілі. Топтың әр мүшесінің өз алдына жаңа жобалармен жұмыс істеуіне шектеу қойылмаған. Мәселен, Ерболат Беделхан "K-TOP IDOLS" жобасын қолға алумен қатар, кино түсіріп, режиссерлік қабілетін де танытқан еді. 

Ұқсас жазбалар:

Продюсер Ерлан Әлімов әке атанды

Нұрлан Албан аталар тобын құрмақ

Сурет: yvision.kz

М. Оңғарова