Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Балалық шақтың жаңажылдық әндері

Балалық шақтың жаңажылдық әндері

Балалық шақтың жаңажылдық әндері

Жаңа Жыл мерекесіне орай, сіз Ақерке Тәжібаева және Гүлжанат Күлжановамен бірге қосылып, ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен танымал жаңажылдық әндерді орындап бердіңіз. Қорлан, осы мерекенің сіз үшін қандай маңызы қандай?

Жаңа Жыл мерекесі - дәстүрлі мерекелердің бірі. Оған әрбір жанның ерекше дайындығы болатыны сөзсіз. Мен де Жаңа Жыл мерекесін жанұяммен бірге өткіземін. Алайда, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін мен үшін Жаңа Жыл ол көктем мезгілінің ең керемет мейрамы - Наурыз. Түркі халықтарына тән ұлттық Наурыз мейрамына көңіл бөліп, халқымыз оған нағыз жаңа жыл мерекесі ретінде қарап, қыста қарсы алатын Жаңа Жыл мерекесі сияқты ерекше дайындалса деген тілегім бар.


Қорлан Кәртенбаева

Есіңізде ерекше қалған Жаңа Жыл мерекесі?

Әрқайсысымыз үшін бала кезде қарсы алған Жаңа Жыл мерекесі ерекше деп ойлаймын. Себебі, бала кезде тәтті қиялға беріліп, таңғажайып сиқыр күшіне сенесің, бұл күні армандар орындалады. Жаңа Жылда Аяз Ата көптен күткен сыйлықтарды табыстап, іште жатқан тілектердің орындалуына ықпал етеді. Есімде ерекше қалған Жаңа Жыл бала-бақшадағы жасыл шырша жанында өткізілген мерекелік ертеңгіліктер деп ойлаймын.

Бала күніңізде Аяз Атаға, мерекелік ертеңгіліктерде айтқан өлең-тақпағыңыз есіңізде ме?

Шыны керек, бала кезімде айтқан өлең-тақпақтарым есімде қалмапты. Әйтеуір, Аяз Ата туралы мына бір тақпақ есімде:

Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр

Өлең айтқан балаға

Сыйлық әкеп беріп тұр 


Ақерке Тәжібаева

Бала кезіңізде қандай мерекелік киім кигеніңіз есіңізде ме?

Жаңа жыл мерекесіне қыз балалар әдемі бүрмелі көйлектерін кисе, ер балалар ертегі кейіпкерлерінің киімдерін киетін. Әсіресе, қоянның киімі көп кездесетін. Өз басым, есте ерекше қаларлықтай киімдерді көп кие алмаған соң, мерекелік киімдерім есімде жоқ.

2012 жылды қарсы алуға дайындығыңыз қалай? Қайда қарсы алуды жоспарлап жүрсіз?

Мен үшін бұл мерекені жақын жақындарыммен өткізу үлкен бақыт. Жаңа 2012 жылды отбасыммен бірге қарсы алуды жоспарлап жүрмін.


Гүлжанат Күлжанова

Келер 2012 жылдан не күтесіз?

2012 жылы еліміздің жағдайы жақсарып, кең-байтақ жерімізде тыныштық пен татулық орнасын деген ниетім бар.

Жаңа жылға тілегіңіз

 Келе жатқан 2012 жыл ең бастысы елімізге құт-береке әкелсін! Әр шаңырақта жақсы өзгерістер көп болып, шаттанатын қуаныш орнасын!

Шын жүректен мықты денсаулық, мол бақыт пен зор табыс тілеймін! Аман-есен болып, арман-мақсаттарымызға жете берейік!

Интервью Корлан Картенбаевой на русском языке читайте здесь 

3869 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 30 желтоқсан 2011, 16:43
Пікірлер
+0
30 желтоқсан 2011, 19:30

Танымал әндер ана тілімзде шырқалып жатыр. Енді кішкентай бауырларымыз кең таралған әндерді қазақ тілінде айтатын болады. Өз ісінің хас шеберлері Қорлан, Ақерке, Гүлжанат есімді аруларға алғысымыз шексіз. Жаңа Жыл құтты болсын, ағайын!

+0
30 желтоқсан 2011, 23:57

Үш аруымызға алғысымыз шексіз! )

+0
31 желтоқсан 2011, 15:35

Жаңа жылдық әндер нағыз қазақи болмысқа енген, керемет емес пе?!

+0
31 желтоқсан 2011, 21:57

Соны енгізген саған алғыс, Мика! Және бәрін ұйымдастырған Ғазизаға! Жарайсыңдар!

+0
31 желтоқсан 2011, 21:56

Осы күнге дейін бұл әндердің қазақша шырқалуын естімеген ек... Мынау жаңа сайтпен келген жаңа сенсация болғандай! Нағыз тарту! Тартуларыңыз көп болсын, қыздар!

+0
02 қаңтар 2012, 11:33

үш аруымыздың орындауындағы керемет жаңажылдық әндер!! Рахмет сіздерге

+0
05 қаңтар 2012, 18:46

мынандай қазақи дүниеге тек қана сүйсінуге болады! анау айтқандай кәсіби әншілер емес екен, бірақ қазақиландырғаны үшін тек қолпаштау!

+0
14 қаңтар 2012, 22:24

Рахмет сіздерге! кәсіби әнші болмасақ та бір жағынан құрбымыз Ғазизаның ойын жүзеге асыруға тырыссақ, бір жағынан жаңа жылдық әндерді қазақтың аспаптарына өңдеп айту біз үшін қызық болды. Шамамыз келгенше айттық :-)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...