Алматыда «Шаңырақ шырақшылары» атты концерт өтті

Алматыда «Шаңырақ шырақшылары» атты концерт өтті

Ақпан айының 27 жұлдызы күні көркем Алматы қаламыздың «Республика сарайында» алда келе жатқан 8 наурыз «Халықаралық әйел – қаздар мерекесі» күніне орай «Ару-Ана» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «Шаңырақ шырақшылары» атты концерт өткізілді. Мінеки, биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы және «Ұлы Отан соғысының аяқталғанына» 70 жылдың жүзі болып жатыр. Осындай ұлттық құндылықтарымызды ескере отырып президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылға «Халықтар ассамблеясы» атауын берген болатын.

Кешті ұйымдастырушы ҚР Мәдениет қайраткері, «Ару-Ана» продюсерлік орталығының жетекшісі - Сара Шаяхметқызы.

Концерт елімізге танымал жұлдыздар Роза РымбаеваНұрлан Албан және "Ару Әжелер" тобы, Тамара Асар, Алтынай Жорабаева, Шығыс Қазақстан Облысы Семей қаласынан келген «Ақау әжелер» ансамблі, «Бахыт» би тобы, «Айтумар» тобы, «Ақсұңқар» ансамблі, өмірде де өнерде де бірге бірдей қол ұстасып келе жатқан жұлдыздарымыз Мирас пен Құралай, Омаровтар отбасы, Әділхан мен Дана және т.б. көптеген жас таланттармен толықты.

Осындай атаулы мерекелерде отанымыз үшін ерлік көрсеткен апаларымызды еске алмауға бола ма? Отан үшін аянбай, соғыстан жүрексінбей еңбек еткен жаужүрек Әлия Молдағулова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Қайырқызы апаларымызға қанша ризашылық білдіріп, еске алсақ та аз. Осы жолы да кеш жүргізүшілері батыр апаларымызды еске алып, ерліктерін тағы да бір рет есімізге салды.

Алғаш кеш басталысымен-ақ, өзінің «Ұлттар бірлігі» биімен тәнті еткен би  тобы болды. Осындай ұлттық бірлікті уағыздайтын көркем биден соң барлық көрермен риза болып, қол соқты. Осы биге қызыққан көрермендер, яғни Алматы қалалық  ұлттар орталығынан келген қонақтар сахнаға шығып, барлық аруларымызды мерекемен құттықтап, біраз сый-сияпат сыйлады. Елімізде өмір сүретін өзге ұлт өкілдері Қазақстанды өз отаным деп есептейтіндігін айтып, туған жерім деп мадақтады.

Осыдан кейін Алтынай Жорабаева «Ана туралы баллада» әнін шырқап, аналарымызды мерекемен құттықтап, көңілге ерекше бір қуаныш ұялатты. Өмірде де, өнерде де бірге қол ұстасып келе жатқан әншілеріміз ән шырқап, кешімізді одан сайын жандандырып жіберді.

Кешіміз жалғасын тауып, жұлдыздарымыз  ән шырқап, мерекемен құттықтап, ару-аналарымызға гүл шоқтарын ұсынды.

Айта кетсек, осындай бір керемет концертке де қазекеңнің бағзы заманғы әдеті бойынша кеш басталып кетсе де кешігіп келушілер баршылық болды. 

Жолдаған: Камила Өрісбаева

Сурет: Жандос Жиенбай

Оқи отырыңыз: 

Қызылордада танымал әртіс Нұржан Төлендиевтің "сыңары" тұрады

"Темір адам" жақында ғаламат жаңалық болатынын жариялады

"Астана Операмен" бірге Уэльс мерекесіне саяхат жасаңыз

Әншілер фильмдегі рөлді алып шыға алды ма?

Ж. Өрісбай