Айдана Меденова мен Кәмшат Жолдыбаеваның орнын кім басты?

Айдана Меденова мен Кәмшат Жолдыбаеваның орнын кім басты?

"KeshYOU" қазақстандық тобының жетекшісі Баян Есентаева жаңа құрамымен таныстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Біз осыған дейін топтан Айдана Меденова мен Кәмшат Жолдыбаеваның кететінін хабарлаған едік. Продюсердің инстаграм желісіндегі жеке парақшасында топтың жаңа құрамы таныстырылды. Олар Ақбота Сейтмағанбет, Балжан Бидаш және Жұлдыз Өмірғали.

Бұл арудың аты - Ақбота Сейтмағанбет. 18 жасар Ақбота Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қалашығының тумасы. Қазіргі күні ол П.И.Чайковский атындағы музыкалық колледжінде оқып жүр.

Топтың тағы бір жаңа мүшесі - 19 жасар Балжан Бидаш. Ол Ж.Елебеков атындағы эстрада-цикр колледжінде оқып жүр.

Және бәрімізге таныс Жұлдыз Өмірғали. 19 жасар ару Кәмшат пен Айданамен бірігіп жұмыс істеп, Нұрлан Әлімжанның бейнебаянында түсіп, халыққа танымал болып үлгерді.

"KeshYOU" тобының жаңа құрамынан не күтеміз? Музыкалық жанры өзгереді ме? Жетекшінің ұстанымы қандай? Бұны алдағы уақытта білетін боламыз. Оның үстіне топты құрайтын қыздар құрдас болып келеді. "Жастық" топтың имиджіне қалай әсер етеді екен?

Сурет: Тұрар Қазанғапов, инстаграм желісі

Ф. Абилова