Бұл жігіттің өнері таңдай қақтырады

Бұл жігіттің өнері таңдай қақтырады

Александр Мисько есімді бұл музыкант Ресейдегі Краснодар қаласының тұрғыны. Оның YouTube желісіне салған мына видеосы интернет кеңістігінде жылдам таралып жатыр. Видео алты күннің ішінде 507 мың рет көрілген.

Музыкант бір қолымен гитарада ойнайды, екінші қолына қалам алып, оны соқпалы аспап ретінде қолданады. Тыңдамандар жас музыканттың өнеріне разы болысып жатыр. Мысалы, Антон Согреев есімді сайт қолданушысы былай деп жазады: "Бауырым, мынауың керемет екен. Электрондық әмияныңның нөмірін жазып қойсаңшы. Бұнымен айналысуға уақытың көп болар еді. ... Айтқым келгені, өнеріңді одан әрі дамыта түсуің керек. Ол үшін саған ақша, уақыт керек".

Сурет - роликтің кадры

Е. Қайрахан