Құрманғазы атындағы консерватория студенттері Венада лауреат атанды

Құрманғазы атындағы консерватория студенттері Венада лауреат атанды

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының студенттік хоры Венада өткен Фпанц Шуберт атындағы хор ұжымдары арасындағы конкурста екі алтын дипломға ие болды.

Ян Рудковскийдің шәкірттері осылайша екі номиниацияда бағын сынап, екеуінде де жоғары нәтижеге қол жеткізе алды. Жерлестеріміз, сонымен қатар, фестивальдің жабылу салтанатында барлық қатысушылармен бірігіп Моцарттың Коронациондық мессасын орындады. Сайыстың жабылу салтанаты Еуропадағы танымал залдардың бірі  Konzerthaus Vienna-да өткен екен.

13-17 маусым аралығында өткен конкурста Еуропаға танымал дирижерлар мен музыканттар қазылық қылды. Сайысқа ұзын саны 30 елден келген хор ұжымдары қатысыпты.

Консерватория студенттері бұдан бұрын Крымда өткен Халықаралық шығармашыл жастар арасындағы конкурстың лауреаты атанған. Сонымен қатар Италияда өткен Venezia in musica сайысында да екі алтын диплом мен арнайы сыйлықтың иегерлері атанды. Қытайда World Choir Games-2010 конкурсында да алтын медальға ие болғандығын айта кетелік.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Фотосуретті консерватория ұжымы ұсынды