Махамбет Өтемісұлының шығармаларына арналған «Жұмыр қылыш» атты концерт өтеді

Махамбет Өтемісұлының шығармаларына арналған «Жұмыр қылыш» атты концерт өтеді

27 қаңтар күні Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы – Махамбет Өтемісұлының шығармаларына арналған «Жұмыр қылыш» атты концертін өткізеді.

Кеште Халықаралық және Республикалық конкурстың лауреаттары Мейрамгүл Орашева, Ажар Сейтенова, Рахат Сарсенов, Жалғас Егізбаев, Жанаргүл Серкенова, Жанқожа Аяпов және Мәдениет қайраткері Асылбек Ахатов өнер көрсетеді. Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанас Бекентұров пен Жамағат Темірғалиевтер дирижерлық етеді.

Оркестрдің бас дирижеры, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының иегері Арман Жүдебаев.

Концертті Мәдениет қайраткері Тұрар Хайралиев жүргізеді.

Концерт 18.30-да басталады. Билеттер оркестр ғимаратының кассасында сатылады.

Cурет: kurmangazy.com

Ш. Талап