Қайрат Түнтеков әлемдік хитке бейнебаян түсірді

Қайрат Түнтеков әлемдік хитке бейнебаян түсірді

Әнші Қайрат Түнтеков Фаррелл Уильямстың Happy әнін орындап, бейнебаян түсірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейнебаян Youtube порталында кеше, 22 қаңтарда жарияланды. Кавер-нұсқа түпнұсқадағы мотивпен түсірілген. Видеода Қайрат Түнтеков ән айтады, ал әнші Ғалымжан Молданазар мен Айбек Байназаров және "Көз тимесін" КТК (КВН) командасының бұрынғы ойыншылары қалжыңға толы көріністер қояды. 

Еске сала кетейік, Фаррелл Уильямстың Happy деп аталатын әні 2013 жылы шыққан. Бүгінге дейін Youtube видеоресурсында бейнебаян 555 240 565 рет көрілді. 

сурет: видеоның скриншоты

Е. Қайрахан