The Spirit of Tengri жобасының аясында ерекше сазды концерт өтті

The Spirit of Tengri жобасының аясында ерекше сазды концерт өтті

26 қараша күні Алматы қаласында орналасқан Almaty Towers-те "The Spirit of Tengri" жобасының аясында ерекше сазды концерт өтті, − деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Tengri FM ұлттық радиостанциясы 27 қараша күні The Spirit of Tengri атты заманауи этникалық музыканың халықаралық фестивалінің екінші арнайы DVD-альбомды ұсынды.

"The Spirit of Tengri" жобасы − заманауи этникалық музыканың халықаралық фестивальдерінің бірі болып келеді.

Концертте Бурят Республикасының "Намғар" мен Башқұрстанның "Арғымақ" топтары сахнаға шығып өздерінің арнайы бағдарламасымен таныстырды. Оған сәйкес жарықты да ерекше етіп, дайындап, жалпы этникалық әуенге заманауи элементтер жалғанып, келген қонақтарды таң қалдырды. 

Өзге музыкалық стильге ұқсамайтын, жаңа жанрдағы әуен қонақтарды "трансқа" салып, оларға ерекше әсер етті.

Жоғарыда аталып өткен DVD-альбом жазда өткен концерттің видео нұсқасы мен сол концертке қатысқан топтардың ең жақсы деген әндері іріктеліп, жинақ болып шықты. Жеті сағатқа созылған концертте әртүрлі елдердің топтары өнер көрсеткен еді. 

Бүгінгі концертте өнер көрсеткен топтар жайлы айта кетейік:

Арғымақ − 2009 жылы негізі қаланған этно-рок тобы. Бұл топ the Spirit of Tengrі жобасына 2013 жылы да қатысқан еді. Олар құрай, домбыра, қыл қобыз және көмеймен айту өнерін электромен қосу сияқты музыкалық элементтер мен аспаптарды қолданады.

Намғар − Бурят Республикасынан келген этникалық ұжым. Намгар шығармашылығының негізіне ежелгі тайпалар, батырлар туралы аңыздар мен таулар мен жазық дала рухының элементтері кіріккен. Әлем бойынша сүйіп тыңдаушылары бар бұл топтың өнеріне қазақстандықтар да риза болды.

Бұл концертте орындалған әуен тыңдарман мен көрерменнің көңілінен шықты деген пікірдеміз. Жобаның өсіп-өркендеуіне тілектеспіз!

Сурет: Бауыржан Жақсымбет

Арнайы Massaget.kz үшін

Ф. Абилова