Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Арман тобы: "Үздіксіз еңбек ету үстіндеміз"

Арман тобы: "Үздіксіз еңбек ету үстіндеміз"

Арман тобы:

Көбелектің әні,

Көбелектің әні

Құлағыңа жетер ме?..

Өнер әлеміне "Аршат" тобы деген атпен шыққан топтың осы бір көңілді әні көптің көңіл пернесін дөп басқаны шындық. Бүгінде құрамы өзгеріп, сахнаға "Арман" деген атпен шығып жүрген топпен әңгіме-дүкен құрған едік.

Топ жайлы аз-маз мәлімет:

Құрылған жылы: 2006 жылдың наурыз айы

Құрамы: Ілияс Бейсенов, Ғалымжан Жаңабайұлы, Қуаныш Серімбетов

Орындайтын әндері: "Ғашығым", "Арманым", "Үнсіздік" т.б.

Бос уақыттарында: Үшеуі де спортпен шұғылданады. Ғалымжан дизайнерлікпен, Ілияс жеке кәсіпкерлікпен айналысады, Қуаныш үрмелі аспаптарда ойнайды.

Эстрадаға қандай ерекшеліктермен келдіңіздер? Басқа топтардан қандай ерекшеліктеріңіз бар?

Қуаныш: Ерекшелігіміз - әнімізде. Біз жан-жақты жұмыс істеп, жас буындарға да, орта буындарға да, аға буындарға да арналған әндер айтуға тырысамыз. 

Ғалымжан: Кез келген әншінің стилі бар. Сол сияқты біздің де өзімізге лайықты стиліміз бар. Аудиториямызбен ерекшеленеміз деп ойлаймыз.

Қазақ эстрадасына не жетпейді? Әншілеріміздің әлемдік сахналарға шығуына не кедергі?

Ғалымжан: Мега жұлдыз деп жатамыз ғой. Мега жұлдыз болу кез келгеніміздің арманымыз. Расымен бізде шоу бизнес дами қойған жоқ. Шетелдіктер алға жүрсе, біздікілер артқа жүреді. Қазір әнші көп деп жатады. Әншілер көп болуы керек керісінше. Көбейсін. Қазақтар бір-бірін көре алмай ма, әлде басқа себептері бар ма, неге екенін білмедім, өзбек эстрадасының өзі бізден біраз алда. 

Қуаныш: Әркім көрпесіне қарай көсіледі ғой. Ол жақта аппаратура жеткілікті. Бізде аппаратура болса, акустика болмайды. Үлкен залдарда ән айтқанда, біресе анаусы, біресе мынаусы дұрыс жұмыс жасамай, соның салдарынан ән быт-шыт болып шығады. 

Ғалымжан

Ғалымжан: Қуаныштың айтқысы келіп отырғаны шетелде барлық жағдай жасалады. Біз санына қарай жұмыс істейміз, ал шетелде сапаға жұмыс істейді. Олар күштерін бір әнге салады. Біз он әнге күш салсақ, олар бір жылда үш әнге ғана салуы мүмкін. Сосын хит әнді телеарналар өздері сатып алады, ал біздерде бәрі керісінше. Мәдениет басқармасы ат салысса, қазақ эстрадасының шетелге шығатын мүмкіндігі бар.

Ілияс: Қаржы жағынан біраз қиындау болып жатыр. Қатты қиналып жатырмыз демейміз, дегенмен продюсеріміз жоқ болған соң, расымен оңай болып жатқан жоқ.

Продюсеріміз жоқ деп отырсыздар, Сәкен Майғазиевті сіздерге продюсер деп естідік...

Ғалымжан: Сәкен аға бағыт көрсетуші жанашыр ұстазымыз. Ол кісіге айтар алғысымыз шексіз. Сол кісінің берген бағытымен жүріп, кеңестеріне жүгініп отырамыз. Бірақ, продюсеріміз емес. 

Дәстүрлі өнер мен эстраданы салыстыру қаншалықты дұрыс деп ойлайсыздар?

Ғалымжан: Дәстүрлі өнерге бару ойда жоқ. Екеуін салыстыруға келмейді. Дәстүрлі өнер эстрадаға қарағанда, қиындау... Қайсысы халық көбін таңдайды десеңіз, шынын айту керек, басым көпшілік эстраданы тыңдайды.

Қуаныш: Нағыз еңбек солардыкі деп ойлаймыз. Олар колледжде, консерваторияда оқиды, одан кейін 2 жыл аспирантурада оқиды. Дәстүрлі өнерге он жылдық еңбекпен келеді. Және олар тек қана тірі дауыспен айтады. Бірақ, сонда да дәстүрлі өнерде жүріп танылу қиын. Сондықтан, көбі дәстүрлі өнерден эстрадаға көшіп жатады.

Шығармашылық жолда қандай ізденіс бар? Өздеріңізбен қалай жұмыс істеп жатсыздар?

Ғалымжан: Шығармашылық өнер жолы ізденістен тұрады. Ізденіссіз өсу жоқ. Жаңалығымыз - жақында жаңа бейнебаян түсіріп біттік. Бейнебаянды түсіруге Алматыда жұмыс жасайтын Шымкент қаласының тұрғыны Асқар Жұмекеев деген азамат қолдау білдірді. Бейнебаян бастан-аяқ біздің туындымыз. Идеясы, майда-шүйдесі бәрі өзіміздің еңбек. Бейнебаянда үшеуміз бір адамның рөлін сомдаймыз. Сезім бейнеленеді. Ілияс бақытты кезді, мен бақытты күндердің жалғасын сомдаймын, ал Қуаныш айырылысқаннан соңғы кезді ойнайды. Сондықтан "Арманым" әніне түсірілген бұл бейнебаянды "Арман" тобының ең алғашқы бейнебаяны деуге болады (жаңа құраммен). 

Сайтымыз жастардың сайты болған соң, әңгіме ауанын жеке бастарыңызға ойыстырсақ. Қыздарыңыз бар ма? :)

Ғалымжан: Қуаныш үйленген. Несін жасырайын, қызым бар. Үйленіп, үй болу жоспарымда бар.

Ілияс

Ілияс: Қызым жоқ. Қазір тек шығармашылық жолға көп көңіл бөліп жатырмын. Әзірге қызбен жүретін де ойым жоқ.

Қуаныш: Ілияс топты бір арнаға салмайынша, үйленбеймін деп жатыр. (Бәрі күлді)

Топтарыңда кім басшы?

Ғалымжан: (Күлді) Бұл сұрақты бізге қойып жатады. Бізде ондай түсінік жоқ. Топты ешкім басқармайды. Ортаға сұрақ келсе, үшеуіміз бірге шешеміз. Әлдебір мәселеде, соңғы нүктені үшеуіміз қатар қоямыз.

Сырт көзге Ғалымжан басшы сияқты көрінеді екен?

Ілияс: Бәріміз бір ойдан шешеміз. Әкімшілік жұмыстармен Ғалымжан айналысады. "Келісіп пішілген тон келте болмас" дейді ғой. Сондықтан, бәріміз келісіп шешеміз.

Тыңдармандарыңыздың басым бөлігі қыздар. Қыздардан қандай сыйлық алдыңыздар? Естеріңізде қалған ерекше сыйлық бар ма?

Ғалымжан: Қыздардан сыйлықты көп аламыз. Әр сыйлық өзінше ерекше. Кей қыздар үлкен қойын кітапшаның ішіне сурет салып, түрлі нәрселер жазып беріп жатады. Үйдің есігінің алдына әкеліп тастап кеткен кездер болады.

Тойға қаншалықты жиі шығып тұрасыздар? Тойдың әншінің имиджіне келтіретін әсері туралы не дейсіздер?

Ілияс: Тойға қазір эстрададағы барлық әншілер шығып жатады. Аға буын өкілдері де тойдан нәпақа тауып жүр. Тойға шығуда тұрған ешқандай сөлекеттік жоқ шығар. Қазақтың өзі той десе, ішкен асын жерге қоятын халық.

Ғалымжан: Мойындау керек, той әншінің имиджіне кері әсерін тигізеді. Ел алдына шыға берген соң, жаңалықсыз қалуың мүмкін, бірақ біз тойға көп шығамыз. Заманның талабы сондай болып тұр ғой... Той - ашық күнкөріс.

Қуаныш: Айлық десейші. (Күлді)

Кей әншілер жұлдыз ауруымен ауырып қалып жатады. Сіздер де белгілі бір дәрежеде танымалсыздар...

Ғалымжан: Жұлдыз ауруы деген – тәкаппарлық қой. Бәріміз бірдей деңгейдеміз. Ондай нәрседен Алла сақтасын. Өнер жолындағы достарымызға да жұлдыз ауруына шалдықпаса екен дейміз.

Бір-бірлеріңізге мінездеме берсеңіздер

Ғалымжан: Ілияс ақкөңіл, жүрегі кең азамат. Қуаныш та ақкөңіл, тез ашуланып, тез қайтады. Үшеуміздің мінезіміз ұқсайды. Әр адамның кемшілігі болады ғой. Мен Ілияс пен Қуаныштың кемшіліктерін тізбелемей-ақ қояйын. Өзімнің кемшілігім -  қырсықпын.

Ілияс: Екеуі де өте кешірімді. Сабырлы. Ғалымжан Қуанышқа қарағанда жұмсақ, ал Қуаныштың мінезі қаттылау. Не нәрсеге болса да, ұсыныс көбіне Ғалымжан жақтан келеді. 

Қуаныш

Қуаныш: Ашуланамыз. Ренжісеміз. Келіспей қалған жағдайда, бір-бірімізден кешірім сұраймыз. Ілияс тіке айтады, сыйлы, не нәрсені де тереңнен ойлайтын адам. Ақкөңіл. Арамдығы жоқ. Ғалым да дәл солай, ортамызда сыйлы, ақкөңіл.

Интернетте көп отырасыздар ма?

Ғалымжан: Майлру мен Массагетке ғана кіріп тұрамыз. Әндерді таратумен Руслан деген ініміз әрі пиар менеджеріміз айналысады. Осы екеуінен басқа сайттарда жоқпыз. Интернетке көп қызықпаймыз. Қазір техниканың заманы ғой. Алдағы уақытты кіріп, тыңдармандарымызбен байланыс жасап тұруға тырысамыз.

Топтың болашағын қалай елестетесіздер?

Ғалымжан: «Еңбегіне қарай өнбегі». Алдағыны біз білмейміз. «Аршат» тобы болып тұрылғанда да, біз кейін бөлініп кетеміз деп құрылмадық. Болашақты болжай алмаймыз ғой. Бірақ, әлімізше еңбектеніп жатырмыз.

Қуаныш: Жоспарды орындау үшін еңбектену керек. Тек қана еңбек етіп жатырмыз. Жетістіктерімізге мастанбай, алға талпына береміз.

Ілияс: Терімізді төгіп, күшімізді салып жатқан соң, тобымыздың болашағына сенеміз.

"Арман" тобының "Арманым" әніне түсірілген бейнебаяны

Массагет сайтының оқырмандарына айтар тілектеріңіз

Массагет оқырмандарына жақсылық тілейміз. Бұл сайт әншілер мен тыңдармандар арасын байланыстырып тұр деуге болады. Массагет сайтының оқырмандары көбейе берсін! Алда осы сайтта блог жүргізіп, жаңалықтарымызбен бөлісіп отырамыз.

Үлкен рақмет!

Әңгімелескен: Мейіргүл Оңғарова

5939 15
Рейтинг: +6

Қосылған күні: 08 маусым 2012, 14:43
Пікірлер
+0
08 маусым 2012, 15:19

ЕЕЕ, балапандар біраз сайраған екен ғой :) Сухбаттарын жаксы шығыпты. Жарайсындар, тек алға :!:

+0
08 маусым 2012, 15:40

:) "Балапандардың" бейнебаяндары әдемі шығыпты. Әндері керемет!

+0
08 маусым 2012, 19:37

Ия, клип сәтті шыққан. Айкада өз рөлін өте жақсы ойнай білген. :)

+0
08 маусым 2012, 15:29

"Көбелектің әні" деген әндері хит қой. :)

+0
08 маусым 2012, 15:57

Жетістіктеріңізге мастанбай, алға талпына беріңіздер!!! :)

+0
08 маусым 2012, 16:44

молодцы жігіттер :!: дауыстарын жақсы

+0
08 маусым 2012, 16:59

Ән әдемі шыққан. Бейнебаян Парасат тобының бір клиптеріне ұқсайды екен.

+0
08 маусым 2012, 17:33

Х001KZ Шымкентский))

+0
08 маусым 2012, 20:24

Бравооо! Көп күткен мақала))) :lol: "Армандықтарға" тілерім: Армандарыңыз орындала берсін!

+0
09 маусым 2012, 14:17

Тух, мына жерде мен34 ес3м3м аталыпты 5ой :D Сұхбат зор шығыпты.

+0
09 маусым 2012, 15:11

:lol: Қай тілде жазып кеттің Русбай?))) Пиар менеджер болуыңмен иии!!! ;)

+0
09 маусым 2012, 16:05

ОЙ РАХМЕЕЕЕЕЕТ

+0
09 маусым 2012, 16:01

Тух, мына жерде менің есімім аталыпты ғой :D Сұхбат зор шығыпты деп жазғым келген :mrgreen:

+0
09 маусым 2012, 17:03

"Атын шықпаса, жер өрте" десен иәәәәә :D Русик бауырым, сен мәдессін ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...