Turkvizyon-2014 байқауында Жанар Дұғалова бас жүлдені иеленді

Turkvizyon-2014 байқауында Жанар Дұғалова бас жүлдені иеленді

Ресейдің Қазан қаласында өтіп жатқан Turkvizyon-2014 байқауында отандық әншіміз Жанар Дұғалова бас жүлдені иеленді!

Бұл байқаудың финалына 25 өнерпаздың арасынан Жанар Дұғалова 188 балмен өткен еді. 

Ақтық сында Жанар "Ізін көрем" атты әнін шырқап, 225 балл жинады. Ерекше сазды әуен мен тамаша ұйымдасқан бұл нөмір көрермен, тыңдарманды тәнті еткені сөзсіз.

Қазақстан намысын қорғап, отандастарының ризалығына бөленген Жанарды құттықтаймыз!

Сурет: news-culture.ru 

Видео: youtube.com (Бизнес-Онлайн ТВ каналынан)

Ф. Абилова