The Spirit of Tengri 2014 DVD-шығарылымының концерт-тұсаукесері өтеді

The Spirit of Tengri 2014  DVD-шығарылымының концерт-тұсаукесері өтеді

Tengri FM ұлттық радиокешені Алматы қаласы Республика Сарайында 2014 жылы 07 маусымда өткен The Spirit of Tengri атты халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалінің екінші арнаулы DVD-шығарылымының тұсаукесері өтетіндігін жариялайды.

Тұсаукесер Almaty Towers ғимаратының концерт залында 2014 жылдың 26 қарашасында, сағат 20:00-де өтпек. Концерт сахнасында The Spirit of Tengri жобасының қатысушылары, «Намгар» (Бурятия Республикасы) және «Арғымақ» (Башкұртстан) топтарының жұлдыздары өнер көрсетпек.

DVD-шығарылымға жазда өткен концерттің видео-нұсқасы мен қатысушылардың үздік тректерінен құралған жинақтар енеді. Осы ретте, ашық аспан астында өткен The Spirit of Tengri фестивалін көруге 8 мыңнан астам көрермен келгенін естеріңізге сала кетеміз. Әр елден келген өнер иелерінің концерттік бағдарламасы жеті сағатқа созылған. DVD-нұсқаға осы топтардың бір-бір қойылымынан жазылған. Және сіздердің бұл студиялық-композицияны CD-дискте көруге мүмкіндіктеріңіз бар. 

1. «Роксонаки» (Қазақстан)
2. «Алдаспан» (Қазақстан)
3. «Арғымақ» (Башұртстан)
4. Болот Байрышев және «Белуха Jam» тобы (Алтай)
5. Саинхо Намчылак (Тува /Австрия)
6. Gulzada (Қырғызстан)
7. «Намгар» (Бурятия)
8. Baba Zula  (Түркия) 
9. Тhe-Shin (Грузия)
10. Yarik-Ecuador (Эквадор)
11. Радик Тюлюш (Тува) 
12. «Шарапат» (Қазақстан)
13. «Байдана» (Қазақстан)

The Spirit of Tengri  халықаралық заманауи этникалық музыка фестивальдерінің бірегейі. Tengri fm радиокешенінің ұйымдастырған өнер жобасы Ethnoworld жанрындағы әлемнің барлық елінің орындаушыларының басын қосады. Фестиваль қазақ жерінде жыл сайын ашық аспан астында орасан зор көлемде әлемдік заманауи этникалық музыка жұлдыздарының қатысуымен өтеді. Жоба ата-бабамыздан қалған мұраны сақтап, өскелең ұрпаққа сіңіру мақсатында жұмыс жасайды. Фестивальге қатысушылар – топырағына мыңжылдық тарихты сіңірген Ұлы Даланың музыкалық дәстүрін сақтаушылар.

«Арғымақ» – 2009 жылы құрылған этно-рок тобы. Бес жыл көлемінде дүниежүзілік ірі фестивальдерге қатысқан, соның ішінде 2013 және 2014 жылдары Тhe Spirit of Tengri фестивалінің де лауреаты. Топ репертуары түрлі стильдегі авторлық әндер мен башқұрт халықтық әндері, әуендері, аңыз, күйлерінен құралады. Музыканттар әлем халықтарының туындыларын түрлі музыкалық аспаптарда орындайды. Өнер негізі ретінде башқұрттың өнер мұрасы мен аспаптары болып табылады: сыбызғы (қурай), домбыра, қыл-қобыз жатады, сонымен қатар, электрлі-аспап көмегімен сүйемелденген көмей әндерін де орындайды.

«Намгар»– Бурятия Республикасының этникалық шығармашылық ұжымы. Топ әндері мұзды Сібір атырабында, көк зеңгір аспан астында дүние келген. Ежелге тайпа аңыздары, жауынгерлер туралы ертегілер, тау мен дала рухы – Намгар ұжымының өнер негізі. Олар – ертедегі көшпелі халықтардың әндері мен эпикалық туындылар. Ұжым әншісі заманауи және дәстүрлі техникамен үйлесім табатын керемет дауысқа ие. Ұзақ жылдар ауқымында Ethnoworld жанрындағы тыңдармандарының сүйікті ұжымы атанған.

Толық ақпараттарды және баспасөз үшін тіркелу туралы мәліметтерді фестивальдің баспасөз-хатшысынан ала аласыздар:

Мария Мирная email: arima77@mail.ru 

Сурет:© Tengri FM

Е. Жұмабайұлы