Алматыда тувалық әнші Радик Тюлюштың мультимедиалық концерті өтті

Алматыда тувалық әнші Радик Тюлюштың мультимедиалық концерті өтті

3 қазанда  "Достық Плаза" сауда орталығының Space галереясында Tengri FM ұлттық радиостанциясының ұйымдастыруымен көмейімен ән шырқайтын тувалық әнші Радик Тюлюштың "Күзгі дауыстар" жобасының аясында концерті өтті.



Tengri FM ұйымдастыруымен болған Радик Тюлюштың концертіне ән сүйер қауым жиналды. Бұл концерт жаңа. мультимедиалы дәрежеде өтті. "Достық плаза" сауда орталығындағы Space галереясында музыкалық қатарға ілесіп отырған жарық пен экрандардың үйлесімі әдемі көрініске ие болды. Жиналған қауымға этникалық әуеннің электронды дыбыспен тоғысуы қатты әсер етті.

Ғажап этникалық музыканың әсері кішкентай қонақтарға да тигенін байқай аламыз.

Радик Тюлюш тек әнші емес, 5 түрлі музыкалық аспапта ойнай алатын әлемге танымал музыкант. Бұл концертте де Радик өзінің ұлттық аспаптарында өнерін көрсетті. Расында да, бізге бұрыннан таныс этникалық әуен алғашқы рет заманауи музыкалық элементтерімен тамаша үйлесімін тапты. Бұл, әрине, қазақстандық диджей Нариман Есеновтың талантымен қосындысының нәтижесіндегі жетістік.

Tengri FM ұлттық радиостанциясына "The Spirit of Tengri" жобасы  халықтың көңілінен шығып, қолдауына ие болуына тілектеспіз! Радик Тюлюшке шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!

Автор: Фариза Әбілова

Сурет: Massaget.kz

Ф. Абилова