Тувалық әнші Радик Тюлюшпен пресс-конференция өтті

Тувалық әнші Радик Тюлюшпен пресс-конференция өтті

Бүгін, 3 қазанда "Достық Плаза" сауда орталығында Tengri FM ұлттық радиостанциясының ұйымдастыруымен көмейімен ән шырқайтын тувалық әнші Радик Тюлюшпен пресс-конференция өтті.

Tengri FM радиостанциясы заманауи этникалық музыканың халықаралық фестивалін ұйымдастырған еді. Соның негізгі қатысушыларының бірі ­­­­­­­­­- көмейімен ән шырқайтын ­­­­­­тувалық әнші Радик Тюлюш.

Конференцияда Радик Тюлюштың болатын концерті жайлы айтылды. Этникалық және заманауи музыканың тоғысуы этникалық әуенге жаңа тыныс беріп, жаңа дәрежеге көтереді. Қазақстандық танымал диджей Нариман Исенов концертте қонақтар көмеймен ән айту мен электронды музыканың үйлесімін еститінін айтты. Бұл концерт арнайы Space галереясында ұйымдастырылды, себебі, бұл галереяда музыкалық қатарға ілесіп отыратын экранды пайдалануға мүмкіндік бар. 

Радик Тюлюш пен Нариман Исеновтың орындауындағы заманауи этникалық концерт туралы кезекті материалда оқи аласыз.

Арнайы Massaget.kz үшін: Фариза Әбілова

Сурет: ©Фариза Әбілова

Ф. Абилова