Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Жылатқаның неткенің" - ғашық жанның шынайы бейнесі

"Жылатқаның неткенің" - ғашық жанның шынайы бейнесі

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы әнші-сазгер Роза Әлқожаның орындауындағы «Ақберен» әні ел назарына ұсынылған сәттен-ақ, шоқтығы биік әндердің қатарына қосылды. Ән жұртшылыққа «Жылатқаның неткенің?» деген атпен жақсы таныс.

«Ақберен» немесе «Жылатқаның неткенің?» - өз тыңдарманын ой тұңғиығына терең батыратын ән. Бұл әннің әуенін де, сөзін де белгілі айтыскер ақын Ақмарал Леубаева жазған. Ән ойда-жоқта туылған ән емес. Айтыскер ақын өз сезімін хат арқылы жеткізуді көздеген құрбысының өтінішін орындау мақсатымен «Ақберен» әнін дүниеге әкелген. Ақынның құрбысы өксігін тамағына жұтып, бар мұңын ақ параққа түсірген екен. Шер тарқата отырып, ол хатында мазалап жүрген ойларын айтып, сан мыңдаған сұрақтарға жауап іздейді. Қара сөздің құдіретін ұғынған ақын қыз сезімін өлең мен әуен арқылы өреді. Сезімге толы сөздер мен әуен біртұтас болып осылай өмірге келген.

Айтыскер ақын Ақмарал Леубаева

Әнші Роза Әлқожа бұл әнді бір кездесуде бас қосқанда автордың өз орындауында естіген екен. Адам бойындағы көңіл-күйді дөп басқан ән әншіге бірден ұнап қалып, жадында сақталып қалады. Келесі күні әнші өнердегі әпкесіне хабарласып, әнді орындауға рұқсат беруін өтініп сұрайды. Өнердегі сіңлісі әрі рухани серігінің өтінішін ән авторы қуана-қуана қабыл алады. Ән екі күнде жазылып, бір жетінің ішінде бейнебаяны түсіріледі. Радио мен телевизиялық бағдарламалардан беріліп, талай тыңдарманның жүрегіне жол тапты.

«Ақберен» немесе «Жылатқаның неткенің?» - ғажайып сезімге бөленіп, ащысы мен тәттісін бастан өткізген жанның шынайы бейнесі  мен ішкі сезімін толық сипаттай алған ән. Әннің көптің көкейінен шығуы, бәлкім, осы себептен шығар.

Жылатқаның неткенің

Әні мен сөзін жазған: Ақмарал Леубаева

Орындаушысы: Роза Әлқожа

Ей, оқтаулы ақ берен, сен ұшқан құсқа епті едің.
Торыңа түстім, ойнадың, сен тойғанша сайрадым.
Өткен соң жұрттың өткелін, «Сендей бұлбұл көп» дедің.
«Көлімді тастап, теңізге ұша алмаймын, жоқ» дедің.
Алдымды Аллам біледі-ай, өзіме аян өткенім.
Қайырмасы:
Болмысы бөтен құс едім, теңім-ау сен де текті едің.
Кінәлі сезім, сонан соң, кеш гүлдеген көктемім.
Уыстап беріп уыңды, ұнатқаның неткенің?
Жарда тұрған тағдырды құлатқанын неткенің?
Жұбату үшін келдім деп, жылатқаның неткенің?

Мен үшін уайым шекпедің, сезімнен мықты деп пе едің?
Жағасын тістеп, шыдадым, төзімнің киіп шекпенін.
Өзіңмен өтті ау көп керім, жарқ еткен кезім, сәттерім.
Уақыт – емші, жазылар, орыны нала өкпенің.
Өткенді қалдым парақтап, бітірмей кеткен мектебім.

Қайырмасы:
Болмысы бөтен құс едім, теңім-ау сен де текті едің.
Кінәлі сезім, сонан соң, кеш гүлдеген көктемім.
Уыстап беріп уыңды, ұнатқаның неткенің?
Жарда тұрған тағдырды құлатқанын неткенің?
Жұбату үшін келдім деп, жылатқаның неткенің?

Суреттер: azattyq.kz, alashainasy.kz

6435 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 18 мамыр 2012, 09:00
Пікірлер
+0
18 мамыр 2012, 09:59

Болмысы бөтен құс едім, теңім-ау сен де текті едің...

+0
18 мамыр 2012, 10:00

Ән мәтінен өзіме жақын сөздерді таптым. Жалғыз ғана мен емес, талай қыз баланың сезімін бейнелейтін сияқты

+0
18 мамыр 2012, 13:18

Асан Пердешовтың әндерінің шығу тарихы жайлы жазсаңыздар

+0
18 мамыр 2012, 13:20

Асан Пердешовті қайтесің, Жако? Менің ойымша, деңгейі өте төмен әнші :roll:

+0
18 мамыр 2012, 13:28

ол сенше төмен болар, менше олай емес. әндері ұнайды. өзіңді ақшитпашы Мика

+0
18 мамыр 2012, 13:28

көзіңді дегенім

+0
18 мамыр 2012, 16:05

ақшитам дедім ғо, ақшита берем, ақшита берем :D

+0
18 мамыр 2012, 16:23

Ашита бер көзіңді ақшита бер
Жарасады өзіңе сол айтыскер
:)

+0
21 наурыз 2013, 19:29

мағанда ұнайды әндері))

+0
18 мамыр 2012, 10:17

мағыналы сөздермен өрілген өлең. Жақсы ән,орындаушысын дәл тапқан

+0
18 мамыр 2012, 11:16

Өте жақсы өлең. Сөздері тым күрделі.

+0
19 мамыр 2012, 02:21

Қазақтың байсыз қалған яки іздеп жүрген кәрі қыздарының жанұраны болуға лайық ән екен көңілге мұң ұялатарлық.

+0
21 наурыз 2013, 18:21

Ей, оқтаулы ақ берен, сен ұшқан құсқа епті едің.
Торыңа түстім, ойнадың, сен тойғанша сайрадым.
Өткен соң жұрттың өткелін, «Сендей бұлбұл көп» дедің.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...