Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Рахат Тұрлыхановтың "Асыл әжем" әні

Рахат Тұрлыхановтың "Асыл әжем" әні

Рахат Тұрлыхановтың

Осыдан он жыл бұрын қазақ сахнасында жаңа есім пайда болды. Жеңіл ойнақы әндері мен тартымды бейнебаяндары арқылы ол жастардың, әсіресе, талай қыздың сүйікті әншісіне айналды. Топ жарып, үздіктердің қатарынан көрініп, кейін үлкен сахнадан алыстап кетті. Оның есімі - Рахат Тұрлыханов. Әншінің орындауындағы «Зимние ливни», «Азем», «Ботагөзім - ардағым», «Асыл әжем» т.с.с. әндер жарыққа шыққан бойда, кеңінен танылды. Кезінде үздіктердің қатарында болған әндер әлі күнге дейін халық жадында.

Кейінгі жылдары көзден таса болған Рахат Тұрлыхановтың ән қоржынындағы «Асыл әжем» әнінің орны ерекше. Бұл әнді әнші аяулы әжесі Тұрлыханова Мәрзия Айтбайқызына арнаған. Әннің сөзін «Жар-жар» әнін қайта жаңғыртқан ақын Абдрахман Асылбек, ал әуенін танымал әнші-сазгер Еркеш Шәкеев жазған.

Әншінің әжесі Мәрзия Айтбайқызы - «Болашақ» мектеп-лицейінің директоры, қазақтың белгілі палуаны Дәулет Тұрлыхановтың анасы. Ұлағатты ұстаз Мәрзия Айтбайқызы ақын Абдрахман Асылбекті өз мектебіне бірнеше мәрте оқушылармен кездесуге шақырған екен. Сол кездесулердің бірінен кейін ақын әнші Рахат Тұрлыхановқа «Асыл әже» деген өлең шығарып береді. Өлең сөздері әншінің көңілінен шығып, ол сазгер ағасы Еркеш Шәкеевке жолығып, дайын мәтінге әуен жазып беруін сұрайды. Әуен өлең жолдарымен өзара байланысып, жылулық пен мейірімге толы болу керектігін айтады. Бұл әннің ең әуелі, ардақты әжелерге, асыл аналарға арнау ән болатынын ескертеді. Көп ұзамай, әуен дайын болады. Көпшілік назарына «Асыл әже» әніне түсірілген бейнебаян ұсынылады. Ән де, бейнебаян да үздіксіз теледидар мен радио бағдарламалардан беріліп, үлкен танымалдылыққа ие болды.

Қазіргі таңда, әншісі сахна төрінен жырақтап қалса да, ән әлі күнге дейін танымал. Әсерлі ән өз өзектілігін бұл күнде жоғалтқан жоқ.

Асыл әжем

Әнін жазған: Еркеш Шәкеев

Сөзін жазған: Абдрахман Асылбек

Орындаушысы: Рахат Тұрлыханов

Асыл әжем менің –

Асқарлы белім,
Сөздеріңді сенің

Құлағыма құйып келем.
Асыл әжем – әнім,

Ақылың дара,
Салған жолың сара,
Сол жолыңмен жүріп келем.
Көбелектей гүлдер гүл аңсаған,
Бағытымды бірден бұрам саған, әже.

Балғын бала сезім –

Арналды бұл әнім саған.

 

 Қайырмасы:

Асыл әжем,

Сәл көрмесем, сағынамын.
Асыл әжем,

Шырағың боп жағыламын.
Жетелеген арманға,

Сенен ыстық жан бар ма?

 

Асыл әжем – панам,

Ойлан деп балам,
Оянсың деп санам,

Ақылыңды айта бердің.
Небір қызық, қымбат,

Ертегі, жұмбақ,
Тарихымды тындап,

Мен өмірге қайта келдім.
Батыр екен өткен бабаларым,
Сенің де бакытың балаларың, әже.
Балғын бала сөзім –

Арналады саған бұл әнім

Қайырмасы:

Асыл әжем,

Сәл көрмесем, сағынамын.
Асыл әжем,

Шырағың боп жағыламын.
Жетелеген арманға,

Сенен ыстық жан бар ма?

Суреттер: ana-bala.kz, voxpoppuli.kz

32619 2
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 15 мамыр 2012, 09:43
Пікірлер
+0
15 мамыр 2012, 12:01

аталмыш әнші қайта сахнадан көрінсе қуанышты болар едім, осы әнімен болсын, басқа әндері болсын ұнатамын, әсіресе "Аққу" әнін)))))))) Аққудайын арман құсым
Сұлу тұлға мәрмәрмiсiң,
Сағындым әнiм-ау
Саған ғана бас ұрамын
Саған ғана асығамын
Сағындым әнiм-ау

+0
15 мамыр 2012, 13:32

Иә, Аққу әні ерекше.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?
Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...