Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Айқын Төлепбергеннің "Пах-пах" әні

Айқын Төлепбергеннің "Пах-пах" әні

Айқын Төлепбергеннің

Алғашқы “SuperStar KZ” байқауына бақ сынап, қазақ елінің атынан 2006 жылы Юрмала қаласында өткен «Жаңа толқын» халықаралық байқауына қатысқан, бүгінде елге есімі кеңінен танылған әнші Айқын Төлепберген шығармашылығын жоғары бағалайтындар саны аз емес. Кезінде Айқынға қолдау білдіріп, сан мәрте дауыс берген көрермен қауым әлі күнге дейін оны сүйікті әншілерінің қатарына жатқызады. Қазақ және орыс тілдерінде ән салатын Айқын әндері талай тыңдарманның жүрегіне жол тапты. Алайда, Айқынның «Пах-пах» деген әні жарыққа шыққан бойда жастар оны хитке айналдырса, баспасөз өкілдері мен аға буын тарапынан көңілді ән үлкен сынға ұшырады.

Әуені жеңіл һәм ырғақты ән болғандықтан шығар, ол көптеген жастардың жүрегін жаулап алды. «Пах-пах» әнін бір тыңдаған сәтте, бірден оның сөздерін толық ұғынып алу қиын. Жеңіл-желпі ән сөздері өзара ұйқасып жатқанмен, тыңдарман оның түп негізін түсінбей жатады. Тыңдарман қауым киелі өнер сахнасында бой көрсетіп жүрген Айқынның «Пах-пах» әнін сапасы сұйық әндердің қатарына жатқызуда. Журналистер Айқыннан алдағы күнде ән сөзіне мән беріп, оның қадірін бұзбауын өтінген болатын.

Ойнақы «Пах-пах» әнін Равиль Кіршібаев жазған. Равиль әнді ескі сарынмен емес, жаңа, заманауи бағытта жазып, қарапайым сөздерді қолданады. Бұл ән Айқын қолына тиген соң, бірден жазылады. Көп ұзамай бейнебаян түсіріліп, көгілдір экраннан көрсетіле бастайды. Әннің хитке айналуы, бәлкім, үздіксіз телеарналардан көрсетілуінен болар?! Әнші баспасөз өкілдеріне берген бір сұхбатында: «Мен бұл әнді өзімше нақышқа салып айттым. Мүмкін, сондықтан болар, көп жандар ән мәтінін түсіне бермейді. Әлде менің дауыс ырғағымнан ба екен?!» деп еді. Айқынның пікірінше, ән мәтінінде өрескел сөз жоқ.

Қалай болғанда да, «Пах-пах» жастардың көңілін көтеретін ән. Осы күнге дейін мұңды әндер орындаған әншінің көңілді ән айтуы мұң екен, халық шулап қоя берді. Мағынасы жеңіл болғанымен, үлкен сұранысқа ие. Кейбір шараларда әнші бұл әнді халық сұрауы бойынша бірнеше мәрте орындайды екен. «Талғамға талас жоқ» дегендей, бұл әннің де өз тыңдарманы бар.

Пах-пах

Орындаушысы: Айқын Төлепберген

Әнін жазған: Равиль Кіршібаев

Пах-пах-пах, қандай ғажап иіс.
Шат-шат-шат, қиялыма ілес.
Қандай ыстық жүрегіммен сүйіс,
Созылған кірпігімнен күй ұш.

Пах-пах-пах, жүрегім жалқыды,
Сенің қиялыңнан бұл денем балқыды.
Ояттым ауқымды, ұмыттым шартымды,
Бұндай ғажап иіс құштар етер әркімді.
Пах-пах-пах, көркіңе тәнтімін,
Дәмін сезгім келеді тәніңдегі қантыңның.
Жанарың жарқылын, басылмай ауқымым,
Іздеймін өзіңнен, көзқарасыңнан, күнім,
Сезім алау ұсыңды, сүйем нәзік мүсінді.
Жаулап алсам деймін, сенің есіңді (менің есімді),
Күлімдейсің бірақ, ішімде мың сұрақ.
Буырқанып қанып, өз ойыңнан ұяласың,
Жанып сөніп шырақ.

Пах-пах-пах, қандай ғажап иіс,
Шат-шат-шат, қиялыма ілес.
Қандай ыстық жүрегіммен сүйіс,
Созылған кірпігімнен күй ұш.

Пах-пах-пах, бәрі сенің еркіңде,
Жаныма жол тауып өтуге.
Сәнің, тәнің, талғамың өзіңде,
Және мендей жігіттің қарсы емессің ерітуіне.
Пах-пах-пах, қандай асау шіркін,
Маған жағатын бар екен-ау мінез-құлқың.
Саған әдейі арналған әдісімді білсең,
Жеңіл әзіліммен туған тазандырар күлкің.

Сезім алау ұсыңды, сүйем нәзік мүсінді.
Жаулап алсам деймін, сенің есіңді (менің есімді),
Күлімдейсің бірақ, ішімде мың сұрақ.
Буырқанып қанып, өз ойыңнан ұяласың,
Жанып-сөніп шырақ.

Пах-пах-пах, қандай ғажап иіс.
Шат-шат-шат, қиялыма ілес
Қандай ыстық жүрегіммен сүйіс
Созылған кірпігімнен күй ұш...

Суреттер: 13plus.kz, smg.kz

6863 13
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 11 мамыр 2012, 13:43
Пікірлер
+0
11 мамыр 2012, 14:55

Айқын ға жыным келеді өлеңдері ұнамйды жалпы ол ғана емес көпшілігі де солай .Барлығы фонограмамен дайндалады

+0
11 мамыр 2012, 15:15

"мендей жігіттің қарсы емессің етуіне" деп ұрып жүрсем )))

+0
11 мамыр 2012, 15:15

Қазақстан урологтарының әнұраны дейді ғой осы әнді қазір )))

+0
11 мамыр 2012, 17:37

Осы әнді естісем жыныс келед! :evil:

+0
11 мамыр 2012, 18:16

біреу клипте атысып жатыр ма дедім ғо)))

+0
12 мамыр 2012, 20:00

талгамы жогары талапшыл ортанын да бугинги танда эстрадасынан конили калгандай...

+0
13 мамыр 2012, 10:23

Сымбаттылығы мен сүйкімді қылықтарының арқасында танымал болып жүрген ортанқол әнші. :roll:

+0
13 мамыр 2012, 21:34

қай жері сүйікімді

+0
13 мамыр 2012, 10:53

Пах-пах кандай гажап иіс- сказал Айкын сидев в туалете

+0
13 мамыр 2012, 10:54

Омиримде биринши рет Айкыннын таным деген более нормально оленин тындаганым,калгандарынын еш маниси жок

+0
13 мамыр 2012, 19:49

Тамаша ән! Орындауы да керемет! Көпшілікке жалықтыру себепті ғана ұнамауы мүмкін. Филолог ретінде сөзіне жоғары баға беремін! Бірақ "пах" емес, "паһ" болуы керек!

+0
14 мамыр 2012, 15:33

Айқынның Елестейді әні жайлы мағлұмат берулеріңізді сұрап едім қашан жазады екенсіңдер

+0
20 мамыр 2012, 22:26

Қазаққа не жағады?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...