12 жасар бала бүкіл Қытайдың жүрегін елжіретті

12 жасар бала бүкіл Қытайдың жүрегін елжіретті

Монғолстандық 12 жасар Удмаа атты баланың танымал телебағдарламадағы көрсеткен өнері бейнеленген видео интернетті жарып жібере жаздап тұр. Жарияланғанына көп болмаса да, бұл видео талайдың жүрегін жібітіп, көзіне жас алғызғаны анық.

Удмаа Қытайдың "Талант" бағдарламасында өнер көрсетіп жатқанда туған ауылында жаппай көтеріліс орын алып жатты. Көпшілік Қытай үкіметінің тарапынан көрсетіліп жатқан қысымға наразылығын білдірген. Ақпарат агенттіктеріне сенсек, Монғолия жеріндегі көмір өндірісіне байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар сол мекеннің байырғы тұрғындарының ызасын тудырған. Шамасы, ауыл шаруашылық саласына келіп жатқан нұқсан ауыр болса керек.

Удмааның бұл туралы хабардар болғаны, не болмағаны белгісіз. Бірақ қазылар алқасының: "Сенің арманың не?" деген сұрағына сәби: "Әлем жасылға оранып, жайнаса екен" деп жауап қатты.

Бәрін айт та, бірін айт, 2011 жылдың 29 мамырында 12 жасар бала өз анасына арнап "Алсад суугаа ээж" әнін орындайтынын айтты. "Сенің ата-анаң қайда?" - деген сұраққа берілген жауап бүкіл зал мен қазылар алқасының көздеріне жас алғызды. Удмааның жетім екендігін естіген сахна сыртындағы бақылаушылар да бір егілмей тұра алмады. 

Удмаа монғолстандық ақын Лхагвасурэннің сөзіне жазылған Тогсжаргалдың әнін орындап шыққан еді. Бұл ән жергілікті халыққа Самандын Жавхлан атты әншінің орындауында кеңінен танымал екен.

Жас талант қазіргі кезде Монғолстанға танымал Буринбаярдың құрған балалар ансамблінің солисі. Буринбаяр 2003 жылы өткен "Ақ маусымның жұлдыздары" атты фестивальде жүлделі болған.

сурет: veengle.com