Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Жаңабай Өтегеновтің "Аяла" әні

Жаңабай Өтегеновтің "Аяла" әні

Жаңабай Өтегеновтің

Белсенді қолданушымыз Абзал Сариев Жаңабай Өтегеновтің орындауындағы «Аяла» әнінің шығу тарихын жариялауымызды өтінген екен. Абзалдың өтінішін аяқ асты қалдырмайық деген ниетпен танымал болып келе жатқан «Аяла» әні жайлы сөз қозғауды жөн санадық.

«Аяла» әні - қалың көпшіліктің, оның ішінде жастардың арасында кеңінен танылып келе жатқан жаңа әндердің бірі. Оның орындаушысы жас әнші, Астана қаласының көңілді тапқырлар театрының актері, республикалық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты Жаңабай Өтегенов. Әнші есімі елге кеңінен танылмағаныменен, тыңдарман қауым оның «Аяла», «Кездесеміз біз әлі», «Туған жер» әндерін жақсы біледі.

Тыңдарман көңілінен шығып жүрген әсем әннің әуенін «Аламан» тобының мүшесі Медет Салықов жазған. Өзінің жары Клара Төленбаеваның орындауындағы «Жібек сезім» әнінің авторы. «Жібек сезім» әнін ұнатқан жас әнші Жаңабай Өтегенов сазгер ағасына барып, әсерлі әрі әдемі ән жазып беруін өтінеді. Арада екі күн өткен соң, сазгер әнші інісін үйіне шақырып алып, «Аяла» деп аталатын әнді тыңдатады. Әнді естіген бойда, бірден ұнатқан әнші жігіт дереу ақын Қалқаман Саринге жолығып, әнге мәтін жазып беріңіз деп қолқа салады. Әуенді естіген соң, ақын небәрі қырық минут ішінде сөз жазып береді. Әннің әуелгі аты «Жүрегім менің аялы» болатын, кейін Қалқаман Сарин оны «Арманым, мені аяла» деп өзгертеді. Осылай әуелі әуені, бертін келе сөздері жазылған «Аяла» әні дүниеге келген.

2011 жылы әнші «Аяла» әніне бейнебаян түсірген еді, бірақ ол әншінің көңілінен шықпай қалады. Алайда, әнші көңілі қош көрмеген бейнебаян ғаламтор беттерінде кеңінен таралып, күн сайын танылып келе жатыр. Бір сұхбатында Жаңабай Өтегенов «Аяла» әніне қайтадан бейнебаян түсіруді жоспарлап жүргенін айтып қалды.

Аяла

Әнін жазған: Медет Салықов

Сөзін жазған: Қалқаман Сарин

Орындаушысы: Жаңабай Өтегенов

 

Жаным-ау, қарайсың мөлдіреп,

Көз моншағың.

Сен ғана айтатын елжіреп,

Сөзді аңсадым.

О, менің жүрегім, жүрегім,

Әппақ арым,

Мен үшін жайқалған гүл едің,

Бақта жаным.

Қайырмасы:

Арманым мені аяла,

Аяла тағы аяла,

Жанымның бағын саяла,

Сағынғаным!

Арманым мені аяла,

Аяла тағы аяла,

Жанымның бағын саяла,

Жаным, жаным!

 

От сезім алаулап көзіңде,

Жүрші алдымда.

Мен сүйген мөп-мөлдір сезімге,

Кір шалдырма.

О, менің жүрегім, жүрегім

Алып ұшқан.

Сол жүрек тапқандай бір емін,

Сағыныштан.

Суреттер: dastan-music.kz, ngromov.ru

5450 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 18 сәуір 2012, 13:05
Пікірлер
+0
18 сәуір 2012, 13:32

әдемі ән екен, бірінші рет тыңдадым :)

+0
18 сәуір 2012, 13:34

мен қайта-қайта тыңдаушы ем осы әнді. Күштіііі

+0
18 сәуір 2012, 14:38

Өткеніңе шолу жасағанда тіптен керек ән. Расымен тамаша!

+0
18 сәуір 2012, 15:36

Әуені өте әдемі екен.

+0
18 сәуір 2012, 16:41

Мына фәни жалғанда бір-бірімізді сыйлап, аялап өтейік, достар!

+0
18 сәуір 2012, 17:50

керемет ән! Осы әнді алғаш естігелі бері күнде ішімнен ыңылдап өзімше ән сап жүрем.. Әннің кереметтілігі, құдіреттілігі - оның тілге жеңіл бірақ құнды мәтіні мен жүрекке қалайда қонымды әуезді әуенінде деп ойлаймын. Қайырмасына келгендегі орындаушының иіріп әкетуі ерекше әсерлі.
Авторларға көп рахмет, шын ризашылығымды білдіремін! Тағы бір тыңдап алдым! Риза болып отырмын!

+0
22 сәуір 2012, 17:08

тілектерді орындайтын массагет! егер қиын болмаса Айқын айтатын Елестейді әнінің шығу тарихын жазсаныңдар

+0
08 мамыр 2012, 16:31

Мәәәәәә күштііііііі ән және ауен.

+0
03 желтоқсан 2012, 21:55

құлаққа жағымды өлең!сөзіде музыкасыда кереметт!Жаңабай Өтегенов даусы кушты,,,!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...