Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Таңғы елес": Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес

"Таңғы елес": Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес

Көрермендерге Ақылбай ақсақалдың келіні болып танылған Айгүл Иманбаева бұл күнде қазақ эстрадасы мен кино, театр саласында өз орнын тапқан жарық жұлдыздардың бірі. Ән таңдауға үлкен жауапкершілікпен қатар, биік талғаммен қарайтын әншінің репертуарындағы әндердің басым көпшілігі махаббат лирикасы жанрында жазылған. Әйтсе де, әнші әрі актриса Айгүл Иманбаеваның ән қоржынындағы «Таңғы елес» әні ерекше орынға ие. Себебі, «Таңғы елес» әні талай тыңдарманның сүйікті әніне айналған. Бұл ән 2003 жылы жазылып, жарыққа шыққан бойда, ел арасында кеңінен таралады. Әсем әннің әуені мен сөздерінің авторы - Бауыржан Есебаев.

Бұл ән аты айтып тұрғандай, таң сәріде дүниеге келген екен. Сазгер тәтті ұйқы құшағында жатып, әсерлі түс көреді. Түсінде таулы аймақта сауық-сайран құрып, сүйіктісімен бірге гүл теріп жүріпті. Ұйқысынан оянған сәтте барлығы түс, таңғы елес екенін аңғарады. Осы кезде сазгер қолына қалам алып, әннің мәтіні мен әуенін жазады.

Ән дайын болған кезде, Айгүл Иманбаеваға ұсынылады. Әнші өз кезегінде бұл әнді шебер орындап шықты. Бұл әнге екі бірдей бейнебаян түсірілді. Алғашқы бейнебаянында әнші сахнадағы әріптестерімен бірге бой көрсетсе, екінші бейнебаянында жалғыз қалған, жүрегіне сая болар тылсым күшті іздеп жүрген жанның кейіпін сомдайды.

«Таңғы елес» әні Айгүл Иманбаеваның төлқұжаты іспетті. 2007 жылы әнші ең алғашқы жеке шығармашылық кешін «Таңғы елес» деген атпен өткізген болатын. Алғашқы күйтабағын да осы атпен шығарған.

Ән сөздері қарапайым болғанменен, оның астарында терең ой жатқандай. Расында да, бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес. Қатты қыс артынан, күлімдеп көктем келіп, жадырап жаз шығып, күңіренген күз мезгілі де келіп жетеді.  Яғни, әнді тыңдау барысында, тек махаббат емес, өмірдегі басқа да дүниелердің мәңгі емес екендігін түсінуге болатындай. «Таңғы елес, бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес» сөздері қалың көпшілік арасында үлкен мәтелге, атасөзге айналды. Әрі әнші, әрі актриса болған соң, Айгүл Иманбаева әнді тыңдарман жүрегіне жеткізе білді. Бәлкім, әннің танымал болуының сыры осында жатқан шығар?!    

Таңғы елес

Әні мен сөзін жазған: Бауыржан Есебаев

Орындаушы: Айгүл Иманбаева

Алдасаң да арбасаң да,
Қолдасаң да қорғасаң да,
Тым болмаса бір көрінші,
Ақ періштем анда-санда.
Сендей кімді ұнатайын?
Тыңдағанды жылатайын.
Тым болмаса бір көрінші,
Жүрегімді жұбатайын.

Қайырмасы:
Таңғы елес, таңғы елес,
Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес

Түнді түнге тұнғандайым,
Тұмарыңнан нұрланайын.
Тым болмаса бір көрінші,
Көзімді ашып-жұмғандайын,
Бақытымнан мұң жасадым,
Үмітімнен құм жасадым.
Бір көрінші саған арнап,
Жүрегімнен гүл жасадым.

Қайырмасы.


 Суреттер: kazstars.kz, kzmz.region.kz

4221 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 16 сәуір 2012, 15:37
Пікірлер
+0
16 сәуір 2012, 15:53

ештеңе де мәңгі емес...

+0
16 сәуір 2012, 16:13

Тым болмаса бір көрінші,
Ақ періштем анда-санда...

+0
16 сәуір 2012, 16:32

Тым болмаса бір көрінші, Жүрегімді жұбатайын,,,,

+0
17 сәуір 2012, 09:31

бұл ән енді шыққанда күнде тыңдайтынмын))) қазірге ұнатамын!

+0
17 сәуір 2012, 09:45

Бұл ән танымал бола бастағанда мен 10-сыныпта оқитынмын. Құрбым тыңда, тыңда деп тыңдатқызған. Содан ұнап қалған. Қазір анда-санда бір тыңдап қоямын

+0
17 сәуір 2012, 23:37

өте әдемі, әсерлі ән :)

+0
23 сәуір 2012, 10:09

мунлы композиция :( :( (жылагым келди)

+0
04 мамыр 2012, 16:24

ммммммммммммм )))) ;)

+0
11 мамыр 2012, 00:59

Айгүлдің айна туралы әні болушы еді ғой... сол да күшті еді....
Таңғы елестің клипінің сюжеті "Махаббат бекеті" фильміндегі оқиғаға ұқсап кетеді...

+0
13 мамыр 2012, 10:31

осы Айгүлді айтам, біртүрлі мұңы бар. Қанша күліп тұрса да, мұңы сезіліп тұрады.

+0
30 мамыр 2012, 09:32

Айгуля молодец!Оте мыкты айел,онерине тантимин,минези оте керемет,карапайым жан

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Том Сойермен балалық шаққа..."

Марк Твеннің таңдаулы туындылары

Автор: Nazym Samet
Жетінші аптаның үздік блогы
Жетінші аптаның үздік блогы

Демалыс кезінде блог жазуға да уақыт тапқан оқырмандарымызға алғыс айтамыз

"Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем!.."

. Әлемде миллиондаған аналар бар. Олардың әрқайсысы ерекше, әрі қайталанбайтын...

Мен мақтан тұтамын!
Мен мақтан тұтамын!

“Дарын – армандардың орындалатын құт мекені” деймін.

Егер мен жазушы болсам...
Егер мен жазушы болсам...

Егер мен жазушы болсам, "Махаббат, қызық мол жылдар" романының шешімі қандай...

Төрт алынған екі
Төрт алынған екі

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын...

Автор: Естен Ербол

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...