Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Сүйген жүрек" - жүрек сүзгісінен өткен ән

"Сүйген жүрек" - жүрек сүзгісінен өткен ән

Мәдина Сәдуақасованың орындауындағы «Сүйген жүрек» әні нағыз хит-ән деуге тұрарлық. Үлкен ықылыс пен шынайы сезімге толы ән жарыққа шыққан бойда, көпшіліктің сүйікті әніне, ал бұл әнге түсірілген әсерлі бейнебаян көрерменнің көзайымына айналды. Лирикалық әннің екі авторы бар. Ән әуенін белгілі сазгер Павел Ли мен Марат Мәліков бірлесе отырып жазған екен. Ал ән мәтінің авторы - ақын Нәзира Бердалы.

Ән 2005 жылы жазылған. Сүйікті қызымен ренжісіп қалған Марат Мәліков көңілі түсіп, кеудесінде мұң ұялайды. Осы сәтте шабыты оянып, ән жаза бастайды. Араға бір жыл салып, әнді Мәдина Сәдуақасоваға ұсынады. Жаңа ән әнші көңілінен шығып, ол ақын Нәзира Бердалыдан сөз жазып беруін өтінеді. Әнші ақынға бұл әннің сүйген жүрек туралы жазылуы керек екендігін айтады. Бір әннен сүйген жүректің бүкіл сезімі мен болмысын көрсетуін сұрайды.

Өз кезегінде ақын Нәзира Бердалы Мәдинаның аузынан шыққан «Сүйген жүрек» тіркесін арқау етіп, ән сөзін жазуға кіріседі. Екі күннен кейін, ән мәтіні дайын болады.  

Мәдина Сәдуақасова жүректі шымырлатар нәзік үнімен әнді халыққа жеткізді. Әсем ән арқылы ол сүйген жүректің кеңдігі мен бар болмысын көрсете алды. Ал ән авторы Марат Мәліков әуелгі бастан тек Мәдина ғана бұл әнді шебер орындап, оның мағынасын ашып беретініне сенімді болғанын айтады. Ән сөзі жазылып жарыққа шыққан сәтте оны сүйіктісіне тыңдатып, сүйген жүректен шыққан туындымен таныстырады.

«Сүйген жүрек» әніне түсірген бейнебаян режиссері Рашид-адай Сүлейменов те өз жұмысында шынайы сезімге толы туындының мән-мағынасын көрсете білді.

Әннің жарыққа шыққанына біраз уақыт болса да, «Сүйген жүрек» махаббат тақырыбындағы әуезді әндердің біріне айналды. Бәлкім, мұның сыры әншінің де, сазгердің де, ақынның да әнді жүректерінің сүзгісінен өткізгенінен кейін болар?!

Сүйген жүрек

Әнін жазғандар: Марат Мәліков пен Павел Ли

Сөзін жазған: Нәзира Бердалы

Орындаушы: Мәдина Сәдуақасова

Сүйген жүрек - өмірдегі тірек, 
Күні-түні соғар 
Саған бақыт тілеп.
Сүйген жүрек - сағынған, жылаған 
Жүрсін деп дін-аман 
Тәңірден сұраған.

Қайырмасы:
Сүйген сенің жүрегім,
Мен де мұны білемін! 
Әмір жүрмес ғашық жүрекке, 
Аймалашы аяулап, 
Жан сезімім арай бақ, 
Бұдан асқан бақыт керек пе, 
Аңсап сені сүйген жүрекке? 

Сүйген жүрек -
Бір саған асыққан. 
Ол үшін ғұмыр - мұң, 
Ол үшін күн - думан. 
Сүйген жүрек -  
Таусылмас асыл ән 
Сол сүйген жүректі 
Мен саған ұсынам... 
Қайырмасы.


Суреттер: musickazakh.at.ua, kazlife.com

1723 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 12 сәуір 2012, 12:30
Пікірлер
+0
12 сәуір 2012, 13:42

Осы әнді әсіресе ұйықтар алдында тыңдаған ұнайды.Жалпы Мадинаның даусы әдемі ғой

+0
12 сәуір 2012, 14:38

неге ұйықтар кезде :o

+0
12 сәуір 2012, 13:53

осы клипті ит үшін көремін, сондай тәтті))))))))))

+0
12 сәуір 2012, 14:06

Шыны керек, мен де сол аппақ күшік үшін көремін. Бірақ, кейін ол күшік өліп қалыпты ғой :roll:

+0
12 сәуір 2012, 14:07

:o иманды болысн :(

+0
12 сәуір 2012, 13:59

"Сүйген сені жүрегім, Менде мұны білемін" деген жеріне бола тыңдайтынмын :D Жалпы жақсы ән)

+0
12 сәуір 2012, 15:19

жаксы ан :mrgreen:

+0
12 сәуір 2012, 16:23

Өте тамаша ән!!!

+0
12 сәуір 2012, 17:55

бейнебаяны күшті ) өзі де керемет әнші

+0
12 сәуір 2012, 19:58

күшті ән!!!

+0
12 сәуір 2012, 23:39

ехх ана күшік күштііііі еді :cry: . Бұрын норм еді, Азиададан кейін ұнамай қалд Мадина.

+0
15 сәуір 2012, 12:54

жыным келеди

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...