Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Сыбызғы - жалғыздыққа дәру болған аспап

Сыбызғы - жалғыздыққа дәру болған аспап

Сыбызғы - жалғыздыққа дәру болған аспап

Сыбызғы – кең таралған үрмелі аспаптардың ең көне түрі. Бұл аспапта көбіне бақташылар мал бағып жүрген кезде жалғыздықты жеңу үшін ойнаған, ал кешкілік уақытта сыбызғы жыр-аңыздарды сүйемелдеуге пайдаланылған. Сыбызғы аспабын көкқурай, қарақурай, таңқурай т.с.с. қуыс талдардың қурайын жасап, оған үштен жетіге дейін саңылау ойған. Қурай ағашы жарылып кетпеу үшін оның сыртын мал ішегімен не өңешімен қаптаған. Бұл әдіс аспап үнінің таза әрі ұзақ сақталуымен қатар, аспаптың жауын-шашынға төзімді болуы үшін пайдаланылған. Аспаптың жалпы ұзындығы 70-75 см болып келеді. Сыбызғы аспабын жасау оңай әрі тез болғанына қарамастан, аспапта ойнау өте күрделі. Әдетте сыбызғы аспабында орындалатын күйлер екі дауысты болып келеді. Бір дауыс орындаушы дыбысы болса, екінші дауыс аспаптан шығады. 


Сыбызғының үш түрі бар:

  • жез сыбызғы
  • ағаш сыбызғы 
  • қурай сыбызғы.

 

Қурай көпке дейін шыдамағандықтан әрі дыбыс қуатын жан-жақты дамыту үшін сыбызғы аспабын ағаштан жасаған. Сыбызғы аспабының бұл түрін кеуіп, қатайған қарағай, қайың сияқты қатты жынысты ағаштардың бұтағы жоқ жерінен кесіп, сыртқы жағын жонып, ортасынан бөлу арқылы жасайды. Ішкі жағын ойып, тазартып, желімдеп, қайта біріктіреді. 

Қурайдан жасалған сыбызғының үні қоңыр, әуезді болып шығады.Қурай сыбызғыда күй орындаған кезде аспап өзегін сумен бүркіп, оған ерекше күтім жасаған.   

Жез сыбызғы  аспабында басқа халықтарда кездесетін темірден жасалған үрмелі аспап тектес темір мен ұзын жез түтікшілерді пайдаланады. Ағаш және қурай сыбызғыларға қарағанда жез сыбызғы төзімді болып келеді. Алайда, оның дыбысы қурай және ағаш сыбызғыларға қарағанда сазы өзгеше болып шығады.

Форумда талқылау

Фотосуреттер ғаламтор беттерінен алынған

13824 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 28 желтоқсан 2011, 09:00
Пікірлер
+0
17 қаңтар 2012, 00:29

мынау жазбаны оқып отырып мынау төрт жол есіме түсіп кетті "...Сыңсыған қара қурайдан, Сыбызғы жондым саған деп. Басымды буған мұңлы ойдан, Құтқарып мүлде алам деп."

+0
20 қаңтар 2012, 09:37

Өлең жолдарының авторы кім болды екен?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...