Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Жетіген: сиқырлы сазға бай аспаптың құпиясы

Жетіген: сиқырлы сазға бай аспаптың құпиясы

Жетіген: сиқырлы сазға бай аспаптың құпиясы

Жетіген – жеті ішекті дыбысты көне шертпелі аспап. Аспап келбеті ұзынша келген жәшік тектес болады. Беті жұқа тақтайшамен жабылып, үн беретін ойықтар салынады. Көне түрінде 7 ішегі болған және оларға тиек ретінде 7 асық тағылған. Ішектер аттың қылынан тартылып, әуен ырғағын қалпына келтіру үшін асықтар қойылған. Бұл аспаптың қазіргі заманда шыққан жаңа түрінде ішектер саны 25-тен асады. Дыбыс көлемі 2-2,5 октаваға дейін жетеді.  Барлық ішектеріне құлақ күйін келтіретін арнайы үлкен тиектер тағылады. Тыңдаушыларға жағымды әсер сыйлайтын жетігенді ертеде көк пен жерді байланыстыратын ғажайып қасиетке бай аспап деп, оны тек сарайларда, шағын топ алдында ғана ойнаған.

Жетіген аспабы түркі тілдес халықтарында кездеседі. Татар халқы «етиган», тыва халқы «жадықан», хақастар «шатқан» т.б. халықтар аспапты өз тілінде атаған.

Жетіген аспабының ноталық жүйесін белгілі этнограф-ғалым Болат Сарыбаев анықтады. Бұл күнде аспап кеңінен насихатталып, халыққа танылып, дамып келеді.

 

Жетіген аспабының шығу тарихы

Бағзы заманда бір қарттың жеті ұлы болған екен. Ел ішінде бір жылдары қатты жұт болып, көпшілік қауым ашаршылыққа тап болады. Аштықтан жеті ұлы қайтыс болады. Қания есімді үлкен ұлы қайтыс болған кезде кепкен ағаш бөлігін ойын алып, ішек тартып, тиек тағады. Қайтқан тұңғыш ұлына арнап, «Қарағым» күйін шығарады. Қаниядан соң, екінші ұлы Төралым қайтқан кезде, екінші ішекті тартып, «Қанат сынар» күйін орындайды. Үшінші ұлы Жайкелді өмірден өткенде "Құмарым", төртінші ұлы Бекенге арнап "От сөнер", бесінші ұлы Хауасқа "Бақыт көшті", алтыншы ұлы Жүлзарға "Күн тұтылуы" күйлерін шығарады. Ең кіші ұлы Қияс қайтыс болғанда ақсақал жетінші шекті тартып, "Жеті баламнан айрылып құса болдым" атты күй шығарады. Қара жамылған қарт әр күйді орындау барысында әр баласының бейнесін әуен арқылы көрсетеді. Бұл күйлер кеңінен таралып, әрі қарай дамып «Жетігеннің жеті күйі» не «Жетігеннің жетеуі» деп танылады. Аспап атауы жеті және ән сөздерінен құралып, «жетіген» деп аталған.

Форумда талқылау

Фото: massaget.kz

15444 14
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 14 желтоқсан 2011, 20:39
Пікірлер
+0
20 желтоқсан 2011, 20:59

Осы жетігеннің даусы қаттыыыы ұнайды маған. Қарақаттың мектебіне барам-ау осы)

+0
20 желтоқсан 2011, 21:18

Қарақатты іздеу Астанаға барғанша, жаныңдағы Қорланның мектебіне барсай))

+0
20 желтоқсан 2011, 21:25

Қорлан сабақ бере ме екен?

+0
25 желтоқсан 2011, 11:54

Иә, ол кісі сабақ береді)

+0
27 желтоқсан 2011, 22:33

Negizi wynyn aitsam jetigendi kazirgi oryndauwylyk jagynan damytyp kele jatkan jetigenwi Nurgul Jakypbek degen menin ustazym. Sol ustazym jetigendi damytyp jur desem katelespeimin. Al biz sol kisinin izin jalgastyruwymyz. Kobisi Karakat apai sabak beredi jetigen tartyp an aitady dep oilaidy. Wyndygynda ogan kobine menin apaiym keide ozim jetigenmen jazyp
beremiz. Al Astanada sabakty baska jetigenwiler beredi. Al Almatyda apaiym Jane ozim sabak beremin.

+0
28 желтоқсан 2011, 16:15

Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз алаулап, жоғалтқанымыз табылып жатқан бұл күнде сіздердің атқарып жатқан еңбектеріңіздің зор екендігіне мен шүбә келтірмеймін. Бұл сөзімді өзім сияқты мәдениетке жанашыр, өнерсүйер қауым ешкім жоққа шығара қоймас. Нұргүл Жақыпбекқызы қазақ музыкасының тарихында қалары сөзсіз.

+0
25 қазан 2012, 21:13

Қорлан, жетіген үйрену мектебін қайдан алуға болады? Шымкент қаласына келетін болсаң, мастер - класс өткізе аласың ба? Мен М. Әуезов атындағы ОҚМУ-ті "Өнер" кафедрасының меңгерушісімін. Бізде студент жастар Жетіген аспабына қатты қызығушылық білдіруде.

+0
28 желтоқсан 2011, 16:15

Мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосып жатқан сіздерге мың алғыс! Еңбектеріңіз жемісті болғай!

+0
19 қаңтар 2012, 10:31

қолым босағанда Қорланнан сабақ алмасам сиқырлы аспаптан

+0
19 қаңтар 2012, 18:14

Менің де сабақ алғым келеді. Әттең, уақытым өте тығыз((((

+0
17 сәуір 2012, 10:42

http://g-art.kz/?p=199 - жетіген

+0
17 сәуір 2012, 11:08

Ол жақта бізге сілтеме жасағамапсың ғой :twisted:

+0
17 сәуір 2012, 11:09

Жетіген деген сөздің үстін басып көрмедің ба :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...