Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Жас жұбайлар" - пойызда дүниеге келген тойға тарту

"Жас жұбайлар" - пойызда дүниеге келген тойға тарту

Атақты «Жар-жар» әнінен кейін кез келген шаңырақ көтеру тойында «Жас жұбайлар» әні шырқалады. Қосылған екі жастың бақытына ортақтасып, игі тілектер айтылатын бұл әннің туу тарихын, сірә, көпшілік қауым біле бермейді. «Жас жұбайлар» әні темір жол үстінде келе жатқан пойыз купесінде дүниеге келген.

Сазгер Бекжігіт Сердәлі студенттік жылдары досы Құлтөлеудің үйлену тойына бару үшін, курстас жолдастарымен бірге пойызбен Жезқазған қаласына қарай жол тартып кетеді. Купе ішінде «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетін дастархан етіп жайып қояды. Газет бетінің бір бұрышында бір-біріне мейірлене қараған қыз-жігіттің фотоэтюді жарияланып, астында ізгі лебіздерге толы екі шумақ өлең басылған. Бір-бірін толықтырған өлең мен фотосурет Бекжігіт Сердәлінің көңілінен шығатыны соншалықты, сазгер лезде өлең жолдарын жаттап алады.

Сол сәтте тойға бара жатқан студенттердің  бірі «Тойға апарар сыйымыз қандай болмақ?» деп сұрақ қоя жөнеледі. Бұл сұраққа жауап таба алмай, жас қыз-жігіттер әбден ойланады. Дәл сол кезде Бекжігіт Серәлі жаңағы өлең жолдарын еске түсіріп, әуенге салады. «Дайын болды-ау» деген сәтте, жанындағы достарына айтып береді. Ән барлығының көңілінен шығып, Жезқазған қаласына жеткенше барлығы айтып, сөздерін жаттап алады.

Алғашқы орындаушылары жас қыз-жігіттерден кейін бұл ән тойда шырқалып, кейін күллі ауыл, қала, аймаққа таралып үлгереді. Алайда, ән авторы өлең жолдарын жазған ақынды іздеп таба алмайды.

Бірде ҚазМУ қалашығындағы №5-жатақханада «Журналистика» факультеттерінің студенттері «Лениншіл жас» газетінің ұжымымен кездесу кешін ұйымдастырады. Кеште болашақ журналистер газет тілішлерімен жүздесіп, дидарласады. Кездесу соңында жиналған қауым келген қонақтардың құрметіне «Жас жұбайлар» әнін орындап береді. Ән соңында қонақтардың арасында отырған «Лениншіл жас» газетінің әдебиет бөлімінің меңгерушісі, ақын Өтеген Оралбаев «Бұл менің өлеңім ғой!» деп айқай салады. Осылай араға екі жыл уақыт салып, тамаша әннің қос авторы бір-бірін табады.

Тойға тарту ретінде шырқалатын әсем ән бұл күнде халық құлағына әбден сіңісіп кеткен. Кездейсоқ жолда дүниеге келген ән талай жастың қуанышында әлі де әуелей беретіні хақ.

Сурет: elgazeti.kz

7633 7
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 05 сәуір 2012, 16:41
Пікірлер
+0
05 сәуір 2012, 17:36

Менің кішкентай кезімнен тойға барғанда айтатын (репертуарымдағы:))) сүйікті ән. Тойда осы әнді айтып өзімді әнші сезініп қаламын ғой:)) Осы әннің шығу тарихын оқып тағы бір той есіме түсіп отыр. Жарқынның тойы болған кезде, біз де жол бойы неше түрлі әндерді репетировать етіп барғанбыз. Әзиз бен Нұрмұхаммед "Япурай"-деген әнге тыныштық бермей, "Жаз боолса, жаз болсаа"-деп миымызды жеп қойған. Бірақ тойға барған кезде "Жас жұбайлар жырын" айттық.

+0
05 сәуір 2012, 17:44

Нұрзияның Алматыға келгенінің құрметіне орай, басымыз қосылғанда осы әнді айта жөнеліп едің ғой. Шумақтарын жатқа білмесек те, қайырмасына қосылып, бүкіл пиццерияны әнге бөлеп едік қой

+0
05 сәуір 2012, 17:56

Аха, сендер мені қинап айтқыздыңдар негізі:)) Өзімнің есіме де ешқандай сөзін толық білетін ән түспей қойды ғой:))

+0
05 сәуір 2012, 17:59

:D Өзің ғой Ботик ойлап тапқан ойыннан жеңіліп қалған)))

+0
05 сәуір 2012, 17:41

Былайша тыңдамайсың ғой, тойларда тыңдағанда басқаша керемет болып кетеді :D

+0
05 сәуір 2012, 18:49

cөзі мен әнін түгел білем жатқа :)

+0
17 сәуір 2012, 17:49

Үйленген кезімде тамада осы әнді ойнатқызып, жұбайыммен билегенім есімде. Әсері жақсы болады екен (жеке пікірім)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...